- Advertisement -

«Шегіртке болмағанда не болдық?» Саят Медеуов өнердегі әріптестерін сынап тастады

100

- Advertisement -

Белгілі әнші Саят Медеуов Facebook-парақшасында әріптестерін сынап жазба жариялады.

Өнер иесі кейбір әріптестерінің әлеуметтік желіде жариялаған жазбаларына көңілі толмайтынын айтты.

«Бір кездері шегіртке деп кемсіткенде, өре түрегеліп айғай салдық. Ал, менің өнердегі кейбір әріптессымақтарымның істеп жүргеніне қарасам, енді шегіртке болмағанда не болдық деген ой келеді. Қатарымдағы жасы елуге таяп қалған кейбір бауырларымның қылығы қарынды аштырады. Ырбың-жырбың, түкке тұрғысыз әңгіме, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан былапыт сөз. Елуде ел ағасы болып бата беретін жасқа келдіңдер ғой. Бүгінгі құлқынның құлы үшін сайқымазақ болып жүргендеріңді ертең қартайғанда немере-шөбереңе қалай түсіндіресің? Қай бетіңмен оларға ақыл айтасың? Олар сайқызмазақ, аузының дуасы жоқ шалды тыңдай ма? «Атан түйе құтырса жұт болады»- дейді әнші.

Сондай-ақ, әнші министрлік тарапынан әлеуметтік желіге жарияланған әрбір жазба жіті қадағаланатындай заң қабылдануы керегін айтты.

«Бүгін танымал болудың ең оңай жолын таңдағанмен, ертеңгі күнімізді неге ойламаймыз? Құрметті президент мырза және депутаттар, ұрпақтың болашағын ойласақ, қазақы құндылықтары сақталған ұлт боламыз десек, бүгінгі бетімен кеткен әлеуметтік желіні ретке келтіру керек», — делінген жазбада.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support