Жамбыл облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

39

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Мәди Мейірбекұлы Мәтен Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аппараттың жаңа басшысын қызметкерлерге таныстырып, өңірдің өркендеуі жолында аянбай еңбек ететініне сенім білдіріп, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Мәди Мейірбекұлы 1984 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған.

2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетінің редакциясында фототілші болып бастаған.

Әр жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратында бас маман (2005-2011), бөлім жетекшісі, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы (2011-2012), ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы (2012-2017), Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы (2017-2019), Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі (2019-2020), «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары (2020-2022), «AMANAT» партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2022 жылғы сәуірден бастап бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі лауазымында еңбек етіп келді.

Comments are closed.