Алаяқтықтың жаңа түрі шықты: Kaspi.kz халықты сақ болуға шақырды

27
Алаяқ брокерлер интернетте аз салыммен көп ақша табуды жарнамалап жатыр

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Жалған брокерлер сайт жасап, Kaspi.kz атынан интернетте жарнама беріп жатыр, деп хабарлады банк.

«Олар адам тіркелгеннен кейін бірден инвестициядан ақша табуды ұсынады, содан соң жеке тұлғаның картасына ақша аударуды сұрайды. Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, сенбеңіз, бұл алаяқтық!», — деп ескертті банк.

Брокерлік компаниялар әдетте клиенттің атына шот ашады және оны өзіңіз толтыра аласыз.

Банк құпия деректерді қалдыруға, күмәнді сауалнаманы толтыруға және бейтаныс адамға ақша аударуға болмайтынын еске салды.

Comments are closed.