Жамбылда зорлықпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды
Жамбылда зорлықпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды
2022 жылғы 18 мамырда сағат 23:28-де 102 пультіне белгісіз ер адамның үйге кіріп, пышақпен қорқытқаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған мекенжайға келген полицейлер үйдің ішінде өрт басталғанын анықтады және оқиға орнына дереу өрт сөндірушілерді шақырған. «Жатын бөлмеде зорлық-зомбылықтың белгілері бар 57 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген полиция департаментінің хабарламасында. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 32 жастағы Тараз қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында осыдан 16-17 жыл бұрын кезекке тұрған тұрғындарға жер телімдері берілетіндігі туралы жазған болатынбыз. Нақтырақ айтқанда Таразда 2005-2006 жылдардан бері жеке тұрғын үй салу үшін кезекте тұрғандарға жер телімдерін беру процесі басталды. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен қаланың бас жоспары талқыланған кеңесте хабарланған.
Kazinform