1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады
1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады
Вице-премьер жас ұрпақты еңбекке баулудың маңызын атап өтті.
"Жаңа оқу жылында бірінші сыныптан бастап "еңбекке баулу" пәні енгізіледі. Жоба мектептер жанынан жылыжайлар ашуды көздейді. Қазірдің өзінде мектептердің 7 пайызға жуығы бұл тәжірибеден өтті. Сонымен қатар, биылдан бастап мектептерде педагог-кәсіптік бағдар беруші болады, ол оқушының болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі", - деді ол. Бұған дейін қаңтар айынан бастап қазақстандық мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін "цифрлық сауаттылық" пәні енгізілген жарияланған.
Tengrinews.kz