1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады

5

Вице-премьер жас ұрпақты еңбекке баулудың маңызын атап өтті.

«Жаңа оқу жылында бірінші сыныптан бастап «еңбекке баулу» пәні енгізіледі. Жоба мектептер жанынан жылыжайлар ашуды көздейді. Қазірдің өзінде мектептердің 7 пайызға жуығы бұл тәжірибеден өтті. Сонымен қатар, биылдан бастап мектептерде педагог-кәсіптік бағдар беруші болады, ол оқушының болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі», — деді ол.

Бұған дейін қаңтар айынан бастап қазақстандық мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін «цифрлық сауаттылық» пәні енгізілген жарияланған.

Tengrinews.kz

Comments are closed.