- Advertisement -

Мәдениет басқармасының есебі тыңдалды

73

- Advertisement -

Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесі отырысы өтті.
Кеңес отырысына ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Мейрамбек Төлепберген, кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен басқарма басшылары қатысты. Шарада алдымен облыс әкімдігі мәдениет, архивтер құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбайдың есебі тыңдалды.
Басқарма басшысы өз сөзінде, тарихи-мәдени мұраны сақтау және мәдениет, өнер салаларын дамыту бағытында 2022 жылға 22 іс-шара жоспарланып, 6-уы орындалғанын жеткізді. Қалғаны жыл соңына дейін аяқталады екен. Басқарма басшысының есебінен соң, аталған салаға қатысты шешімін табуы тиіс мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Мәселен, «Көне Тараз» этно-мәдени кешеніндегі тұралап тұрған музейдің мәселесі. Ол бойынша аталған басқарма мен құрылыс басқармасы өкілінің жауаптары тыңдалды. Сыйқы қашқан мекемені қалыпқа келтіру бойынша құзырлы органдарға ұсыныс жолданатын болады. Бұдан өзге ауыл клубтарына зерделеу жұмыстарын жүргізу, ол жақтан үйірмелер ашу жолдары сөз болды. Сол секілді өңірдегі айтыс ақындарының жыр додаларындағы аяқ алыстары да айтылып, кеңес мүшелерінің ойлары тыңдалды.
Сонымен қатар биылғы балалар жылының ақпараттандырылу жағы кемшін түсіп жатқандығы да кеңес мүшелерінің тарапынан көтеріліп, облыс әкімдігі мәдениет, архивтер құжаттама басқармасы мен білім басқармасына ұсыныстар жолданатын болады. Шарада кеңес мүшелері «Достық» үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті. Көтерілген осындай мәселелер бойынша облыс әкімдігі мәдениет, архивтер құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай тиісті жауап беріп, жоспарларымен бөлісті.
Жиында сонымен қатар алдағы 5 маусымда өтетін референдумды қолдау туралы ойлар ортаға салынды. Республикалық штаб мүшесі Мейрамбек Төлепберген саяси реформа аясында арнайы сөз сөйлеп, конституциялық реформалар енгізіліп отырған референдумның тарихи сипаты мен мазмұнына тоқталды. Мәдениет саласының майталман мамандары, облыстың зиялы қауым өкілдері референдумды өткізу шешімін тарихи шешім деп ерекше атап көрсетті. Қорыта айтқанда, Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдері Президент бастмаларын, Конституциялық өзгерістерді қолдайтындарын білдірді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support