ЕЛЕН ӘЛІМЖАН – «АЛАШ» ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ

106

Кеше Қазақстан Жазушылар одағында «Қазақ әдебиетінің көктемі» атты әдеби жыл қорытындысы өтті. 

Әдеби жиынды белгілі ақын, ғылым докторы, Басқарма төрағасының орынбасары, академик Бауыржан Жақып жүргізді. Жыл қорытындысын Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулет сөз сөйлеп ашты. Әдебиеттің әр жанры бойынша 15 баяндама жасалды. Қазақстан

Жазушылар одағына жаңа мүшелерді қабылдап, «Қазақстанның Құрметті жазушысы» атағымен және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Лауреаттардың қатарында жамбылдық жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжан да бар. Әбдуатұлына Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы «Анажар» романы үшін берілді.

Қазақ әдебиетіне қомақты олжа салған қаламгерді мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.

Merzim.kz

Comments are closed.