- Advertisement -

Нұрлан Қоянбаев «Игра в Кальмара» актерлерімен кездесті

77

- Advertisement -

Қазақстандық продюсер, актер Нұрлан Қоянбаев Канн кинофестивалінде жүр.

Әлем кино өнерінің жетістіктеріне баға беретін бұл фестиваль биыл 75 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

«Канн кинофестивалінің бүгін қызыл кілемінен ресми өту рәсімі бұйырды», — деп жазды Қоянбаев Instagram-да.

Ол биыл комедиялық киномен ашылған танымал фестивальдің осы жанрға аса мән беріп жатқаны байқалатынын айтты.

«Еліміздің талай кино туындылары осы ортада топ жаратынына сенімдімін!», — деді продюсер.

Нұрлан Қоянбаев фестивальдегі атмосфераны Stories-тен көрсетіп жүр. Әлемге танымал жұлдыздардың арасында жүрген ол былтыр хит болған «Игра в Кальмара» сериалының актерлерімен суретке түсті.

«Игра в Кальмара» кім көрді? Ұнады ма? деп сұрап жатыр», — деп жазған ол.

Айта кетейік, кинофестиваль Францияның Канн қаласында 17-28 мамыр аралығында өтеді.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support