- Advertisement -

Адал болуға ант етті

22

- Advertisement -

Облыстық Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтіп, онда кеңес төрағасы болып Әбдірайымов Марат Жаңабекұлы сайланды. Жаңа құрамда жұмысын бастаған кеңес отырысында комиссиялар санын анықтау, мүшелері мен төрағаларын бекіту мәселелері қаралды.

Кеңес шешімімен бюджет, қаржы, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, кәсіпкерлікті, білім беру мен мәдениетті қолдау жөніндегі, аграрлық саясат, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану, техногенді жағдайлардың алдын алу, құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту жөніндегі және қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың бостандықтарын, құқықтарын қорғау, жемқорлықтың алдын алу, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар, квазимемлекеттік құрылымдармен байланыс жөніндегі комиссия құрылды.

Жаңа құраммен жұмысын бастағалы отырған Қоғамдық кеңес мүшелері халық пен мемлекет арасындағы алтын көпір болып, адалдықпен, белсенді жұмыс атқаруға дайын екендіктерін білдірді.
Өңір тұрғындары қандай да бір мәселелері бойынша облыстық Қоғамдық кеңеске жүгіне алады. Кеңес төрағасы Әбдірайымов Марат Жаңабекұлына 8 (7262) 45-34-83, Қоғамдық кеңестің хатшысы Ошан Гүлдана Нұрмағанбетқызына 8 (7262) 45-11-93 телефон нөмірлері арқылы хабарласа аласыз.

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support