- Advertisement -

Елдің болашағы біздің таңдауымызға байланысты

18

- Advertisement -

Жамбыл облыстық
ардагерлер кеңесінің
Ү Н Д Е У І

Құрметті сайлаушылар!

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген төралқа отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер енгізу бойынша Референдумды қолдау жөніндегі Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің міндеттері туралы» мәселе қарап, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Конституцияның кейбір баптарына өзгертулер енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдау туралы шешімді бірауыздан қабылдады.

Ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін Референдумға қатысу құқы бар сайлаушылар түгел қатысып, келешегімізге бағыт-бағдар беріп, болашағымызды айқындайтын Ата Заңымызға халықтық өзгерістер енгізуге біркісідей атсалысайық.

Аталған саяси науқанға халықтың неғұрлым белсенді атсалысуы және Референдумның мәнін терең ұғынуы ел ертеңінің іргетасын қалайтын қадам.

Қоғамдық ұйымдар даярлаған үгіт материалдарында шығарған ұйымның атауы, шығарған орны, таралымы,оны шығаруға жауапты адамдар туралы мәліметтер болуға тиіс.Ондай мәліметтері жоқ бұқпантай үгіт материалдардың таралуына жол бермейік.

Референдум заң талаптарына сай, ашық жүргізілуі тиіс. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың Референдумға қатысу құқықтарының сақталуына атсалысайық.

Еліміздің Президенті атап өткендей, референдумның мақсаты: «Жаңа Қазақстанды құру». Алдағы референдум республиканың әрбір азаматына Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.

Мемлекет Басшысы ұсынған Конституцияға өзгерістер толыққанды сипатқа ие және елдің саяси жүйесін қазіргі заманның талабына сай түбегейлі өзгертеді. Референдумның қорытындысы қоғамдық пікірдің көрінісі және елдің саяси кеңістігінде жаңа болмысты қалыптастыратынын ұмытпайық.

Конституциялық түзетулер жобасы бойынша Қазақстан азаматтарының жалпыға бірдей дауыс беруі біздің демократия қағидаттарына берік ұстанымымызды көрсетеді.

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төралқасы 127 мыңнан аса ардагердің атынан барлық облыс тұрғындарына алдағы референдумға қатысуға және еліміздегі демократиялық процестердің одан әрі дамуы мен Жаңа Қазақстанның құрылысы үшін берік құқықтық негіз жасайтын Конституцияға біздің әрқайсымыз үшін тағдыршешті өзгерістерді қолдайық.

Референдумға енгізілген мәселелерді халыққа түсінікті етіп жеткізу үшін үгіт-насихат жұмыстарының пәрменді жүргізілуіне, сондай-ақ газеттегі және басқа да анықтамалық материалдардың жеткілікті таралуына ықпал ете отырып, нәтижелі жұмыстар атқаруға шақырамыз!

Еліміздің болашағы әрқайсымыздың таңдауымызға байланысты!

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support