- Advertisement -

ХАЛЫҚ ТІЛЕГІ ҚАШАНДА НАЗАРДА

43

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов кеше жұмыс сапарымен Т.Рысқұлов ауданында болды. Іссапар барысында бірқатар шаруа қожалықтар және кәсіпкерлік нысанның жұмысымен танысып, аудан тұрғындарымен кездесті.

Аймақ басшысы алдымен «Жамбыл БТТ» шаруа қожалығының көкөніс алқабындағы жұмыспен танысты. Темірбек Байқұлиев басқаратын шаруашылық биыл алғаш рет 120 гектар алқапқа пияз егіп тамшылатып суару технологиясын іске қосқан. 2004 жылы құрылған шаруашылық 865 гектар жерді игеріп, мал шаруашылығын да өркендетіп отыр. Бұдан соң облыс әкімі 140 орындық «Қарлығаш» бөбекжай бақшасына барып, ауданның білім-тәрбие жұмысы барысымен танысты.

Сондай-ақ аймақ басшысы Құлан ауылындағы «Арай» шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс жұмысын көрді. Мұндағы құрылыс жұмыстарын «Сырым-білеке» ЖШС жүргізуде. Олар көпқабатты ғимараттың құрылысын бір ай көлемінде аяқтамақ. 80 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтеруде. Мұнда бір бөлмелі – 20, екі бөлмелі – 40 және үш бөлмелі – 20 пәтер бар. Талап бойынша мұндағы инфрақұрылым желілері, ауыз су, табиғи газ, жарық, жол мәселелері толығымен шешілген соң ғана пәтер беріледі.

Келесі кезекте Нұржан Нұржігітов аудандық орталық ауруханада болып, тұрғындардың жаңа аурухана салу туралы ұсынысы назарда екенін жеткізді. Сонымен қатар облыс әкімі күрделі жөндеуден өткен «Сұлутөр» кинотеатрының, Абай ауылдық округі әкімдігінің жұмысымен танысты. Осы округ тұрғыны, үй іргесінде шаруасын шалқытып отырған Орынбай Бекназаровтың еңбегі аймақ басшысын таңғалдырды.

«Қарақыстақ ГЭС» шағын су-электр стансасының жұмысымен танысқан соң Нұржан Молдиярұлы Құлан, Қорағаты ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің Т.Рысқұлов ауданына жасаған іссапары туралы газетіміздің кезекті санында кеңірек баяндалатын болады.

Сәндібек ПІРЕНОВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support