Көлік саласында кәсіпкерлердің құқықтарын жүйелі түрде бұзу деректері анықталды

36

Шу көлік прокуратурасы «Жүк тасымалы» ЖШС – «ЖК Жамбыл бөлімшесі» филиалына (бұдан әрі — Филиал) жүргізген тексерумен кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласу фактілері белгілі болды.

Атап айтқанда, филиалдың лауазымды тұлғасы уәкілетті органның функцияларын ауыстыра отырып, көліктік бақылау органының қатысуынсыз теміржол төсемі элементтерінің ағымдағы жағдайы қанағаттанарлықсыз деген негізбен жүк алушылар және жүк жөнелтушілерімен станция кірме жолдарына вагондарды беруді және алып кетуді заңсыз тоқтатып келген.

Осылайша, кәсіпкерлерден Шу станциясының жолдарында вагондардың тұруы мен тұрып қалуы үшін негізсіз алымдар  алынды.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің қызметіне араласудың заңсыз тәжірибесі тоқтатылды.

Филиалдың лауазымды тұлғасы тәртіптік жауаптылыққа тартылып, 52 кәсіпкерге заңсыз өндіріп алынған алымдар қайтарылды.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерлік құқықтарын бұзу және олардың заңды қызметіне кедергі келтіру фактілері туралы мобильді топтың (8 (72643) 6-31-80) сенім телефонына хабарласуыңызға болады.

Шу көлік прокуратурасы

Comments are closed.