Жалпыхалықтық дауыс беру бірлігімізді бекемдейді

43

Жаңа Қазақстан құрудың ең қуатты құралы алдағы конституциялық реформа болмақ. Оны жүзеге асыру үшін жалпыұлттық қолдау қажет. Президент Конституцияға түзету енгізуді 5 маусымда өтетін республикалық референдумға шығару жөнінде маңызды шешім қабылдады.

Қазақстан Халық партиясы алдағы референдумды және Конституцияға енгізілетін барлық түзетулерді толық қолдайды. Барлық жарияланған бастамалар мен саяси жаңғырудың аспектілері партиямыздың идеологиясы және бағдарламасымен үндес.

Конституцияда халықтың жер мен табиғи ресурстардың иесі екені туралы норманың бекітілуі ең маңызды түзету болды. Бұл бастаманы Қазақстан Халық партиясы көтерді.

Тұтас саяси жүйеге кешенді трансформация жүргізіледі. Біз суперпрезиденттік басқару формасынан күшті Парламенті бар президенттік республикаға көшеміз. Осы арқылы биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармағы жүйесінің нақты тетігі жасалады.

Президенттің тең дәрежелі мәртебесі барлық саяси партиялардан тыс бекітіледі. Бұл – партиялық алаңда нақты саяси бәсекелестік туғызады.

Барлық азаматтарды еліміздің болашағы үшін жалпыхалықтық дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамыз! Қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін Конституцияға енгізілетін түзетулерге жалпыхалықтық дауыс беру Жаңа Қазақстан, әділетті Қазақстан құру жолындағы біздің бірлігіміз бен тұтастығымызды көрсетеді.

Қазақстан Халық партиясы.

Comments are closed.