- Advertisement -

Тарифті көтеріп, артық ақша төленген

28

- Advertisement -

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Таразэнергоцентр» акционерлік қоғамында бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың Тараз қаласы тұтынушыларын есепке алу аспабының көрсеткіштері бар және есепке алу аспабынсыз шот-фактураларда жылу энергиясын тұтыну объектілеріне қойылған көрсетілген қызметтер үшін төлемнің негізділігі мәселесі бойынша сәйкестік аудитін жүргізді. Сондай-ақ қоғам мүлкін ҚР заңнамасына сәйкес есепке алу, сақтау және пайдалану мәселесі бойынша аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша жалпы сомасы 990 009,4 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы «Жылу энергиясын пайдалану қағидалары» (бұдан әрі-қағида) №211 бұйрығының және Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XIII Азаматтық кодексінің 272-бабының 55-тармағының сақталмауы салдарынан, «Таразэнергоцентр» акционерлік қоғамы жылу энергиясын тұтынуды есепке алу көрсеткіштерін арттыру нәтижесінде 909 680,2 мың теңге сомасында кірістер негізсіз алынған.

Сонымен қатар 2021 жылдың қаңтарында қоғам Департаменттің 25.12.2020 жылғы №135-НК бұйрығы мен қағидаларының 56 ережесі, 2021 жылғы қаңтардағы есептеулерінде есептеу аспаптары бар бюджеттік ұйымдар үшін тариф 1 Гкал үшін ҚҚС-мен 212,4 теңгеге жоғары, тарифті көтеру нәтижесінде жеткізілген жылу энергиясы үшін жалпы сомасы 4 242,5 мың теңгеге кірістер негізсіз алынды, бюджеттік ұйымдар үшін тарифтер бойынша: есепке алу аспабынсыз 1 Гкал үшін ҚҚС-мен 332,1 теңгеге артық, мұнда тарифті көтеру нәтижесінде тұтынушыларға есепке алу аспабынсыз жеткізілген жылу энергиясы үшін жалпы сомасы 690,0 мың теңгеге кірістер негізсіз алынған.

Департамент мамандары қоғамның негізгі құралдары мен тауар-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізу кезінде ТП-ны бұза отырып анықтады. №241 Ереженің 4-тармағының 61-тармақшасы, жалпы сомасы 75 396,7 мың теңгеге тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша Департамент «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабын басшылыққа ала отырып, анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы қоғамның атына нұсқама жіберді.

Материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support