Жүзеге асқан жобалар – ғалымдардың жемісі
Жүзеге асқан жобалар – ғалымдардың жемісі
Университетте соңғы 6 жылда 15 ғылыми-зерттеу бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылатын, университеттің тақырыптық жоспарына сәйкес 104 ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс атқарылды. Оның екеуі іргелі, 92-сі қолданбалы, 10-ы тәжірибе-құрылымдық зерттеулер. Алдыңғы жылы ғылыми-зерттеу жұмыстары 2 институтта, 5 факультетте, 60 кафедрада, 2 ҒЗИ, 1 ҒОӨО және 11 ғылыми орталықтарда жүзеге асырылды. – 7, 2018 жылы – 15, 2019 жылы – 19, 2020 жылы – 15 ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асты. Ал өткен жылы ҒЗЖ жалпы қаржыландыру 127,601 миллион теңгені құрады. Осылайша соң ғы 6 жылдағы қаржыландыру көлемі 313,615 миллион теңгеге жетіп отыр. Бұл жылдарда университеттің 34 оқытушысы «ЖОО үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанды. Университеттің патенттік базасы 1998 жылдан бастап 700-ден астам қорғау құжатын қамтиды. Сондай-ақ бұл жылдарда ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтынан 214 қорғау құжаты алынды. 2016-2021 жылдары аралығында университет ғалымдары 153 монография дайындап, басып шығарды. Бұдан бөлек, университет оқытушылары тарапынан 9248 ғылыми мақалалар мен баяндамалар жарияланды, оның ішінде рейтингтік журналдарда – 530 жұмыс жарық көрді. Соңғы 5 жылда Scopus (Elsevier) және Web Of Science (Clarivate Analytics) агенттігінің базасына кіретін журналдардағы жарияланымдар саны 219-ды құрады. Өткен жылы оның саны 67-ге жетті. Университетте «Dulaty University Хабаршысы» және «Механика және технологиялар» атты екі ғылыми журнал шығарылады. «Механика және технологиялар» ғылыми журналы INSPEC DIRECT (Ұлыбритания) халықаралық деректер базасына енгізілген, сондай-ақ РФ «Ғылыми электрондық кітапхана» ЖШҚ және ресейлік ғылыми дәйексөз индексі (РҒДИ) базасына кіреді. Соңғы алты жылда университетте 45 ғылыми іс-шара өткізілді. Сондай-ақ университетте «ҒЗЖ нәтижелерін коммерцияландыру» офисі жұмыс істейді. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту басқармасының «Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» КММ-не аймақтық мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми жобалар ұсынылды. Атап айтсақ, 2017 жылы – 26 жоба, 2018 жылы – 32 жоба, 2019-2020 жылдары – 42 жоба, 2021 жылы 44 жоба. Университетте «Университеттік технологиялық бизнес-инкубатор» Корпоративтік қоры (УТБИ), Қазақстан-Түрік бірлескен ғылыми-зерттеу орталығы, ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының филиалы, Халықаралық экология және тіршілік қауіпсіздігі академиясының Жамбыл бөлімшесі және «Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясы» АҚ Жамбыл филиалының зерттеу құрылымдары бірлесе жұмыс істеуде.
Сейтжан ОРЫНБАЕВ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры.