- Advertisement -

ТҰРҒЫНДАР МАЛДАРЫН ҚАШАНҒЫ ТЕМІРЖОЛДЫҢ ҮСТІМЕН АЙДАП ӨТЕДІ?

128

- Advertisement -

Теміржол бойындағы қауіпсіздікті сақтау маңызды. Ондағы тәртіпті Тараз стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қадағалауда. Олардың міндетіне қызмет көрсету аумағындағы қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу, сонымен
қатар теміржол бойында жолаушылар мен тұрғындардың жарақат алып қалмауын тұрақты бақылауда ұстау кіреді.

Жолаушылар мен теміржол бойындағы тұрғындар тарапынан анда-санда болса да заңбұзушылықтар орын алуда. Өкінішке қарай, жолаушылар пойыздарының терезелерін сындыру, пойыздағы жедел тежеу қондырғысын тартып қалып тоқтату сынды деректер көптеп тіркелуде. Осындай заңбұзушылық салдарынан жарақат алғандар да бар.

Атап айтқанда, биыл теміржол бойында түрлі дәрежедегі дене жарақатын алу бойынша 3 дерек орын алса, өткен жылы 1 оқиға болған. Жолаушылар пойыздарының терезелерін сындыру өткен жылмен салыстырғанда 3 дерекке көбейді. Ал пойыздардың жедел тежеу қондырғысын тарту 5 рет қайталанған болса, биыл 15 осындай оқиға тіркелген.

Теміржол үстіндегі электр желісінің тоқ қуаты 27 000 вольтты құрайды, оған жақындау адам өмірі мен денсаулығына өте қауіпті. Өткен жылы вагон үстіне екі жасөспірім мініп, денелерін 100 пайыз күйік шалған еді.

Осы орайда Тараз стансасы ЖПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері теміржолға жақын орна ласқан елді мекендердің тұрғындарымен, теміржол мекемелерінің жұмысшыларымен, білім беру орындарында теміржол жарақаттарын алудың, теміржолға бөгде заттарды қоюдың, пойыздың терезесіне тас лақтырудың, теміржол бөлшектерін ұрлаудың, теміржол бойында мал жаюдың және теміржол үстінен белгіленбеген жерден өтудің алдын алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізуде. Аталған құқықбұзушылықтар үшін қолданылатын қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жалғасатын болады.

Дегенмен Құмшағал-Шөлдала стансалары аралығындағы 3496 шақырымында тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және малды жайылымға шығару кезінде қолайсыздық тудыратын мәселелер бар. Атап айтсақ, теміржол арқылы өтетін жаяу жүргінші өткелдері жоқ, мал айдап өтуге арналған жолдар қарастырылмаған. Тұрғындар малдарын теміржол үстімен айдап өту кезінде пойыз келе жатқаны туралы дыбыс сигналын беретін құрылғылар орнатылмаған, сонымен қатар пойыз машинистері аталған аймаққа жақындаған кезде сигнал бермейтіндері туралы тұрғындар шағымданады.

Теміржол мекемелерінің басшылығымен бірлесіп теміржол бойында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында талдау жасалып, жазатайым оқиғалар жиі орын алатын теміржол аумақтарындағы қоршаулар саны артты.

Аталған қайғылы оқиғалардың орын а лу с ебеп терін ің бірі азаматтардың теміржол қауіпті аумақ екендігін ескермей, қауіпсіздік шараларын сақтамауынан болып отыр. Теміржолдан белгіленбеген жерлерден өтуі, ұялы телефондармен құлаққаптар пайдалануы және ата-аналардың балаларын қадағаламай, теміржол қауіпті аймақ екендігін ескермеуі де себеп болуда.

Лаура КОПБАЕВА,

Тараз стансасы  ЖПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің

аға инспекторы, полиция майоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support