Лаңкестер 6 мектепті өртеп жіберді
Лаңкестер 6 мектепті өртеп жіберді
Таиландтың Паттани провинциясында 6 жалпы білім беретін мектеп өртенді. Өртті елдегі лаңкестік топтар жасаған. Бұған дейін содырлар оқытушыларды ресми биліктің жақтасы деп айыптап, бірнеше рет шабуыл жасаған болатын. Қазір өртке байланысты тергеу басталды. Таиландтың оңтүстігінде бірнеше сепаратистік топ әрекет етеді. Олар үкімет әскеріне қарсы ондаған жылдардан бері күрес жүргізіп келеді. Осы уақыт аралығында Яла, Паттани және Наратхиват провинцияларында 6 мыңнан астам құрбан болды. Интернет материалдары негізінде әзірленді.