Ортақ мүдде оң өзгерістерге бастайды

24

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері өңірге жұмыс сапарымен келіп, ірі өндіріс ошақтарын аралады. Жұмысшылар қауымымен кездесіп, қордаланған мәселелерге құлақ түрді.

Қаржы және бюджет  комитетінің хатшысы Сұлтанбек Мәкежанов бастаған Нұрлан Бекенов, Ғұмар Дүйсембаев, Сергей Карплюк, Жеңіс Нұрғалиев, Бекболат Орынбеков, Бақтыбай Шелпеков сынды депутаттар алдымен Жамбыл ауданы Айша бибі ауылындағы «Super-Pharm» фармацевтикалық зауытына ат басын бұрып, өндірістің әлеуетін байқады. 2010 жылы құрылып, бүгінде өнеркәсіп саласында өркен жайған серіктестік медицинаға қажетті бір реттік заттар шығаруға мықтап кіріскен. Оның ішінде медициналық халат, маска, бинт, лейкопластырь, ота жасағанда қолданатын құрал-жабдықтардың үлесі басым. Зауыттың екі корпусы штаттық режимде жұмыс істесе, биыл соған қосымша материалдар шығаратын тағы бір цех іске қосылмақ.

Кездесуде серіктестіктің өндіріс басшысы Азат Ағайдаров зауыттың екі ірі цехындағы негізгі жұмыстардың технологиясын жеке-жеке көрсетті. Сала маманының айтуынша, бүгінде мұнда 600-
ден астам адам жұмыспен қамтылған. Жылына 15 миллион дана бірреттік медициналық бұйымдар шығаратын зауыттың қуаттылығы биыл да артады. Қуантарлығы, 2011 жылы небары 15 түрлі медициналық өнім шығаратын зауыт, бүгінде жылына 400-ге жуық фармацевтикалық заттар өндіреді. Жұмысшылардың еңбекақысы да көңілге қонымды, орташа жалақы 180 мың теңгені құрайды екен. Сенат депутаттарына облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев пен облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков іргелі зауыттың өткені мен бүгіні және карантин кезінде медицина саласына қосқан өлшеусіз үлесі жайында айтып берді. Бұдан соң, Жамбыл ауданы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қуаныш Бүркітәлиев аймақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндама жасады. Мұнан соң Сенат депутаттары зауыттың жұмысшыларымен кездесіп, 5 маусымда референдумнан қалыс қалмай, халық игілігі үшін ұсынылған заң жобаларына үн қосуға шақырды.

Жуырда Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізілетінін ескерсек, саяси науқан ел болашағының жарқын болуына бастайтындығы сөзсіз. Депуттардың да айтып отырғаны сол, Жаңа Қазақстан құрудағы нақты қадамдар халық пен билік ұйысып, жұмыла еңбек еткенде ғана нәтижелі болмақ.–Баршаға белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдум өткізу туралы бастама көтерді. Конституциядағы бұл өзгерістерге халық үн қосып, өз пікірін білдіргені абзал. Төртінші бюджетте ауылдың мәселе сін шешуге қажетті тетіктер қарастырылған. Біздің мақсатымыз соны мұқият зерделеп, қай салаға қолдау керек, заңға қандай өзгерістер енгізген дұрыс деген сұрақтарға
жауап іздеп келдік. Көп жағдайда төртінші бюджет есебінен ауылдағы мәселелерді ауыл әкімімен бірлесіп, ауылдың шеңберінде шешуге мүмкіндік жасауымыз керек. Біз сапар барысында шалғай ауылдарға баруды ойластырып отырмыз. Себебі онда кіріс аз. Ертең заңға өзгерістер енгізіліп жатса нұр
үстіне нұр болар еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да «Халық үніне құлақ асатын мемлекет құру керек» дегені осы. Парламентпен қатар облыс, қала, аудандағы мәслихаттардың депутаттарына мүмкіндік беру мәселесі де өте құптарлық іс. Сондықтан референдумға баршамыз келіп
қатысуымыз керек. Барлық ауқымды өзгерістер орнымен жүзеге асады,– дейді Сенат депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүше сі Ғұмар Дүйсембаев.

Сенаторлар келесі кезекте Аса ауылында орналасқан «Амангелді ГӨЗ» серіктестігінде болды. Мұнда
зауыттың бас директоры Нариман Ипмағамбетов жұмыс ахуалы жайында баяндап, кейінгі жылдары жұмысшылардың қысқарғанын жасырмады. Серіктестік басшысы мұның себебін шикізаттың, яғни
мұнайдың экспортқа шығатын бағамен алып отырғанымен байланыстырды. Яғни шикізат тапшы. 350 адам жұмыс істейтін зауыт жалпы өндірістік қуатының 27 пайызын орындап отыр. Салдарынан мұнда жылына 4 ай ғана жұмыс жүреді екен.Мәселенің мән жайын мұқият тыңдаған Сенат депутаттары «Амангелді ГӨЗ» серіктестігінің басшылығына барлық мәселені хаттама жүзінде дайындауды ұсынып, тиісті министрлікке жеткізетіндіктерін айтты. Сенат депуттары Бекболат Орынбеков пен Бақтыбай Шелпеков зауыт жұмысшыларына референдум жайлы толық мағлұмат беріп, 5-маусымда саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырды.

Осы күні Сенат депутаттары Байзақ ауданының Мырзатай ауылындағы «Әулие-Ата Феникс» ЖШС-на және Талас ауылындағы «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» пилоттық жобасы аясында шаруасын шалқытып отырған «Қостөбе– 2019» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне барды. Кооператив мүшелерінің айтуынша, пилоттық жобаның шарапаты мол болған. Тұрғындар алдағы уақытта осы жоба ауылда қайта жүзеге асса деген ұсыныстарын айтып жатты. Қуантарлығы бұрын пилоттық округте әлеуметтік көмек алатын азаматтардың саны 140-тан асса, қазір небары үш адам ғана бар екен.

Бұдан соң Сенат депутаттары Сарыкемер ауылындағы су құбыры желілері және су қабылдау ғимаратының жұмысымен де танысты. Сонымен қатар аудан әкімдігінің ғимаратында өткен өңірлерді дамыту бағытындағы ауқымды жиынға қатысып, өзекті мәселелерді талқылады.

Сәндібек ПІРЕНОВ

Comments are closed.