Малала Нобель сыйлығын балаларға бағыштады
Малала Нобель сыйлығын балаларға бағыштады
Нобель Бейбітшілік сыйлығын алған Малала Юсуфзай жүлдесін құқығы бұзылған балаларға бағыштайтынын мәлімдеді. Ол мұны 10 қазан күні Англияның Бирмингем қаласында сөйлеген кезінде айтты. Малала 1 желтоқсан күні Осло қаласында өтетін марапаттау рәсіміне қатысуға Пәкістан мен Үндістан билік өкілдерін шақырды. Малала “Нобель сыйлығының ең жас әрі алғашқы пәкістандық лауреаты болу өзі үшін үлкен құрмет екенін” мәлімдеген. 17 жастағы Малала мен 60 жастағы Кайлаш Сатьярти 2014 жылғы Нобель Бейбітшілік сыйлығын алды. Екеуі де балалар құқығын қорғаумен танылған. Малала Бирмингемдегі сөзінде “дінаралық татулыққа” үндеген. Оған 2002 жылы “Талибан” экстремистік қозғалысы өкілдері қастандық жасап, аман қалған еді. Қазір Малала Юсуфзай Ұлыбританияда оқып жатыр.