«Нокаутқа түсіремін». Ұлыбританиялық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

51

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) әлемнің экс-чемпионы ұлыбританиялық кіші Крис Юбенкпен (32-2, 23 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Бұл туралы ұлыбританиялық спортшы Thaboxingvoice YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.

«Головкин менімен жекпе-жек өткізуіне тура келеді деп ойлаймын. Бұл кездесуді жылдар бойы күтіп келемін. Қазір орайы келіп тұрған секілді. Әрдайым үлкен жекпе-жектер өткізуге тырысамын. Оның екі белбеуі бар. Сондықтан кездесу ұйымдастыруымыз керек», — деді ол.

Журналистің «Головкинді нокаутқа түсіре аласың ба» деген сұрағына ұлыбританиялық боксшы сенімді жауап берді.

«Әлбетте. Қазір менің уақытым келді. Нағыз бабымдамын. Өзіме ыңғайлы орта салмаққа оралдым. Сондықтан өзіме сенімдімін», — деді кіші Юбенк.

Еске салайық, бұған дейін кіші Крис Юбенк Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу үшін келіссөз жүргізген, бірақ екі тарап келісімшарт жасаса алмаған еді.

Comments are closed.