- Advertisement -

Соғыс пен апат: жойылу қаупі төнген ЮНЕСКО мұралары – фото

210

- Advertisement -

Әлемде соғыс, қарулы қақтығыс пен табиғат апаты болып жатыр. Мұндай уақытта елдердің мәдени мұра нысандарына жойылып кету қаупі төнеді. Бұл нысандардың тарихи маңызы мен кәделік мәні өте жоғары болады.

ЮНЕСКО мұндай нысандарға ерекше назар аударуды және оларды сақтап қалу үшін шұғыл шара қабылдауды қажет ететін тізім әзірледі.

Суреттер топтамасынан көріңіз!

1.Венадағы ратуша. 2017 жылы Венаның тарихи орталығы ЮННЕСКО-ның «дабыл тізіміне» енді: биік құрылыс нысандары оның келбетін бұзып тұр.

2. Будданың Бамиан мүсінінің тәлібтер* қиратқанға дейінгі және кейінгі көрінісі. Будданың қос (55 және 37 метр) алып мүсіні Бамиан алқабындағы будда монастырьлері кешенінің құрамына кірген. Ол біздің заманымыздағы VI ғасырға жатады.

3.Йемендегі Сана қаласының тарихи орталығы. Бұл тарихи нысанға төнген қауіп Йемендегі қарулы қақтығысқа байланысты.

4.Гадамес – Ливияның солтүстік-батысынддағы оазис. 2016 жылдан бастап елдегі барлық нысандар Дүниежүзілік мұра тізіміне енді. Себебі 2011 жылдан бері Ливияда азаматтық соғыс жүріп жатыр.

5.Дженне мешіті. Бұл мешіт Малидегі Дженне жамағатының орталығы олуымен қатар, ол Африкадағы ең танымал сәулетті орынның бірі саналады. Бұл мешіт те «дабыл тізіміне» енген.

6.Уганданың Касуби қаласында Буганда корольдері жерленген мазар, 2010 жылғы өрт зиратты қауіп төнген Дүниежүзілік мұра нысандары тізіміне енгізуге себеп болды.

7.Косоводағы Грачаница монастырі. Өңірдегі азаматтық соғысқа байланысты сербтердің киелі орындары албан бүлікшілерінің қолайлы нысанасына айналды.

8.Босра – Сирияның оңтүстігіндегі тарихи қала. Ол азаматтық соғыс салдарынан жоғарыда аталған тізімге енгізілген.

9.Маалидегі Тимбукту тарихи қаласы. Осы аудандағы қарулы қақтығыс бұл нысанға ерекше көңіл аударуға мәжбүрлеп отыр

\

10.Күрделі саяси және әлеуметтік ахуалға байланысты 2017 жылы Хеврон көне қаласы «дабыл тізіміне» енді.

11. Ливияның Тадрарт-Акакус тауында тасқа қашалып жазылған көне жазба. Қарулы топтар осы нысандарға жақын немесе соның аумағында жайғасқан. Олар көне жазуларды бүлдірмей сақтап қалуға қауіп төндіріп тұр

12.Ирактағы соғыс іс-қимылы салдарына Ашшур қаласы да аталған тізімге енді

13.Йемендегі қарулы қақтығыс 2015 жылы Шибам ескі бекініс қаласын да тізімге енгізуге алып келді

14.Ирактағы қиратылған Хатра көне қаласы. Хатра қирандылары 2015 жылы наурызда ДАИШ содырларының шабуылынан күл-талқан болды

15.Ақсақ-Темірге арналған ескерткіш орнатылған Шахрисабз (Өзбекстан) қаласындағы Ақ-Сарай нысаны. Бүгінде сәулетті құрылыстан тек екі пилон ғана қалған.

16.Ауғанстандағы Гор провинциясын су басуына байланысты 800 жылдық көне мұнара да қирау алдында тұр.

17. Сирияның Хомс провинциясындағы Көне Пальмира тарихи-архитектуралық кешені.

18. Самаррадағы шиыршықты мұнара, Ирак. Самарра Бағдадтан солтүстікке қарай 125 километр жерде, Салах ад-Дин провинциясында Тигр өзенінің шығыс жағалауында орналасқан. ЮНЕСКО Самарра қаласын қауіп төнген дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізді.

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support