- Advertisement -

Головкин мен Канело арасындағы үшінші кездесу қашан өтетіні айтылды

86

- Advertisement -

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек биыл желтоқсанда өтуі мүмкін. Мұндай пікірді GGG-дің бұрынғы қарсыласы америкалық боксшы Кертис Стивенс айтты.

«Біз үшінші жекпе-жекті көргіміз келеді. Бірінші кездесуде тең нәтиже тіркелді, дұрыс па? Екінші жекпе-жекте Канелоның мерейі үстем болды. Енді үшінші кездесу өтуі керек. Қыркүйекте Альварес Биволмен жолығады. Сосын желтоқсанда ол Головкинмен кездесуі керек», — деді Стивенс FightHype.com порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, негізі Головкин мен Канело арасындағы үшінші кездесу қыркүйекте өтеді деп жоспарланған еді. Бірақ мексикалық 8 мамырда Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) жеңілген соң, қыркүйекте ресейлік боксшымен реванш өткізуді сұраған.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support