- Advertisement -

Үш жасар қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаев Қазақстан халқына үн қатты

81

- Advertisement -

Нұр-Сұлтанда сегізінші қабатта терезеге ілініп тұрған қызды құтқарған 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев Қазақстан халқына үн қатты,

«Жағдайым жақсы. Жаңа ғана үш бөлмелі пәтер берген құрылыс компаниясының кеңсесінен шықтым. Құжаттарды толтырып шықтым. Маған көмектескен досыма да екі бөлмелі пәтер беріледі деді. Қазір құжаттарын дайындап жатыр», — деді Шонтақбаев.

Ер адам оған белгісіз біреулер телефон соғып, кешегі әрекеті үшін алғыс айтып жатқанын атап өтті.

«Бәрін бірдей есте сақтай алмаймын, бәрі алғыс айтып, қолдап жатыр. Жезқазған, Көкшетау, Талдықорған, Алматыдан, жан-жақтан телефон соғып жатыр. Тіпті, көбін танымаймын», — дейді ол.

Сәбит Шонтақбаев қолдап жатқан Қазақстан халқына алғысын білдірді.

«Құдайға шүкір, маған бәрі жетеді. Қазақстан халқына үн қатқым келеді, көмектесіп жатқан адамдарға алғыс айтамын. Бір-бірімізге жақсылық жасау өте дұрыс», — дейді ол.

Сәбит қыздың ата-анасымен әлі кездеспегенін айтты.

«Қыздың анасы телефон соғып, алғыс айтты. Ата-анасын әлі көрген жоқпын», — деп түйіндеді ол.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support