- Advertisement -

Мәсімовтің қамау мерзімі ұзартылды

34

- Advertisement -

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қамау мерзімі 2022 жылдың 6 маусымына дейін ұзартылды.

Осыған дейін оны қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 мамырына дейін ұзартылған еді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу тобы К.Мәсімовке, Ә.Садықұловқа, Д.Ерғожинге және басқа да күдіктілерге қатысты тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Ә.Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 маусымына дейін, сондай-ақ бұрынғы орынбасары Д.Ерғожинді қамауда ұстау 13 маусымға дейін ұзартылды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты осы жылдың 6 қаңтарында ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Биыл наурызда бас прокурор Берік Асылов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы мен оның үш орынбасарына, екі бөлімше бастығына қатысты бірнеше іс қозғалып, тергеліп жатқанын айтты.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support