- Advertisement -

Мерекеңізбен, медбике!

31

- Advertisement -

 

Жыл сайын мамыр айының 12-ші жұлдызында Халықаралық медбикелер күні атап өтіледі. Жұрт бұл күні ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіп, еселі еңбектеріне алғыс білдіріп жатады. Өйткені, олардың денсаулық сақтау саласында халық денсаулығын жақсарту жолындағы еңбегі ұшан теңіз. Әсіресе, осы саланың барлық сатысында мейірбикелер еңбегі айрықша.

Айтулы мерекеде облыстық ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков өмірге сән, тіршілікке нәр беріп қоғамға қалтқысыз қызметін ұсынып, мейірімділік пен жылылықтың символына айналған медбикелерге сый-құрмет көрсетті. Бақытжан Зикенұлы өз сөзінде күйбең тіршіліктің бел ортасында жүретін мейірбикелердің еңбегі ұшан-теңіз екенін атап өтіп, кәсіби мерекесімен құттықтады.

— Құрметті ақ халатты абзал жандар! Баршаңызды 12 мамыр – медбикелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі таңда медицина қызметкерлерінің ең көп саны мейірбикелер болып табылады. Халық денсаулығын жақсарту, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету сондай-ақ басқа да қаншама шаралардың жүзеге асырылуындағы мейірбикелердің қызметтік міндеттері ерекше рөлге ие. Ендеше, ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер, — деген Б.Шарипбеков ізгі-тілегін білдірді.

Айта кетейік, ЖД-158/5 мекемесінде Мадина Сухамбердиева бір жылдай уақыт медбике боп жұмыс істейді. Ал құрмет демалысындағы әділет майоры Аида Мұсаева фельдшер ретінде қызмет атқарады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support