Еңбек қауіпсіздігі басты назарда
Еңбек қауіпсіздігі басты назарда
Басқо су барысында облысымыздың бас мемлекеттік еңбек инспекторы Е.Есіркепов кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігінің сақталуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, өндірістік жарақаттардың алдын алу барысында басқармамен атқарылып жатқан шаралар туралы атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша еңбек ұжымдарында 31 семинар кездесулер өткізіліп, бұл іс-шараларға 352 жұмыскер қатысыпты. Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында және сайттарда 60-қа жуық мақалалар жарияланып, еңбек қауіпсіздігіне қатысты басқармамен әзірленген тақырыптық бейнероликтер халық көп шоғырланған жерлерде (ХҚКО, жұмыспен қамту орталықтарында және т.б.) LED экрандар арқылы жарияланып отырады. Облыстағы жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақаттанушылықтың а лдын а лу және болдырмау жөніндегі жол картасы қабылданып, облыстық 26 кәсіпорынға «Ха лықтық бақылау » және «Нөлдік жарақат» концепцияларын енгізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылды. Осы жұмыстардың нәтиже сінде, облысымыздың кәсіпорындарында өндірістік жазатайым оқиғалар санының былтырғы жылмен салыстырғанда 50 пайыз төмендегеніне көз жеткізуге болатындығын атап өткен ләзім.
Облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы.