- Advertisement -

Жобалар ел игілігі үшін жүзеге асырылуда

52

- Advertisement -

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жыл санап артып келеді. Оны өңірде қалыптасып отырған оң динамикалық көрсеткіштерден байқау қиын емес.

Бүгінгі таңда ауданда жер телімі кезегіне тіркелген азаматтар саны 6131 адамды құраса, оның 4257-сі Шу қаласы, 1574-і Төле би, 300-і Алға ауылы бойынша тіркелген. Биыл Алға ауылында 180 жер телімі берілді, енді қосымша 35 жер телімін беру көзделуде. Төле би ауылында 859 азаматқа жер беріле бастады. Шу қаласында ауыз су, газ, Төле би ауылында газ құбырына тиісті қаржы бөлінді, биыл ол алқаптарға инфрақұрылымы жүргізілсе, 1449 азаматқа жер телімін беру жоспарлануда.

Таратып айтсақ, алдағы жылы Шу қаласында – 210,5, Алға ауылында – 22,1 және Төле би елді мекенінде 132 гектарға инженерлік инфрақұрылым тартылған кезде, кезектегі 1727 адамға жер беріледі. Ал тұрғын үй кезегіне 1724 азамат тіркелген. Шу қаласында 5 қабатты 80 пәтерлік 3 үйдің құрылысына бюджеттік өтінім берілді («Жетісу» шағын ауданынан 2,8 млрд.), бұл жоба іске асса 240 азамат тұрғын үймен қамтылады.

Сонымен қатар Шу қаласындағы әскери қалашықта күрделі жөндеуді қажет ететін 75 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үй бар. Ондағы пәтер саны – 300. Қазіргі таңда аталған тұрғын үйді жөндеуден өткізіп, пайдалануға берудің басқа да жолдары қарастырылуда. Аталған мәселе жүзеге асар болса, тұрғын үй кезегін 540 адамға азайтуға болар еді. Бұдан бөлек, «Асарлатып үй салу» жобасымен 7 үй салынуда. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 62 маманды үймен қамту жоспарланып отыр.

Бүгінгі т аңда аудандағы 35 елді мекеннің 13-і таза ауыз сумен қамтылмаған. Биыл Көкқайнар, Сауытбек, Көктөбе, Ақтөбе, Еңбекші ауылы мен Шу қаласы және Қант зауыты шағын ауданына қаржы бөлінді. Алдағы жылы бірінші кезекте Төле би ауылын толық таза ауыз сумен қамту жоспарлануда. Бұдан кейін Шу қаласын, 2025 жылы 7 елді мекенді қамту жоспарланған.

Газ мәселесі бойынша айтсақ, аудандағы 35 елді мекеннің 12-сіне газ құбыры жүргізілмеген. 3 ауылда ішкі газ құбырын тарту жұмыстары басталып (Мойынқұм, Еңбек, Жиенбет) кетті. Биыл 6 елді мекенге магистральды газ құбыры тартылады (Балуан Шолақ, Бәйдібек, Бөлтірік, Далақайнар, Шоқпар, Шоқпар бекетіне).

Бұдан бөлек, биыл 6 білім, 3 медициналық нысанның қазандығын табиғи газға қосу көзделген. Қосымша 11 білім нысанының қазандығын газға қосуға бюджеттік өтінім берілді. Алдағы жылы 12 нысанды, одан кейінгі жылдары кезең-кезеңімен – 22, содан соң 25 нысанды газға ауыстыру жоспары бар.

Жол – күрет амыр. Биыл Шу қаласының кіреберісінен Балуан Шолақ ауылына дейінгі 32 километр жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Сондай-ақ 52 километр Шу-Қайнар жолына күрделі жөндеу жүргізуді бастау қажет. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 7 көше, жергілікті бюджеттен 29 көше жөнделмек.

Білім нысандарын да жөндеу жұмыстары қара лған. Биыл Шу қа ласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектепке жапсарлас, Төле би ауылындағы 300 орындық әл-Фараби атындағы мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Шу қаласында Ғ.Мұратбаев атындағы мектепке жапсарлас ғимарат құрылысына бюджеттік өтінім берілді. 6 мектепке жаңа құрылыс, 3 мектепке жапсарлас құрылыс ғимаратының қажеттілігі бар. Алдағы жылдары 6 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. 13 мектепте Жол картасына сәйкес күрделі жөндеу жасалады. Алдағы үш жылда 13 білім нысанын күрделі жөндеуден өткізу межеленген.

Мәдениет саласына тоқталар болсақ, екі ауылдық клуб апатты жағдайда болса (Ақсу, Далақайнар), 6 клуб ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Биыл Қонаев ауылында 180 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталса, Абай ауылында 100 орындық мәдениет үйін саламыз. Алдағы үш жылда 7 мәдениет үйін салу көзделген.

құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Шу қаласында Ғ.Мұратбаев атындағы мектепке жапсарлас ғимарат құрылысына бюджеттік өтінім берілді. 6 мектепке жаңа құрылыс, 3 мектепке жапсарлас құрылыс ғимаратының қажеттілігі бар. Алдағы жылдары 6 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. 13 мектепте Жол картасына сәйкес күрделі жөндеу жасалады. Алдағы үш жылда 13 білім нысанын күрделі жөндеуден өткізу межеленген.

Ауданға 5 спорт-сауықтыру кешені, 11 спорт алаңшасы, 1 ат спорты ойындарын өткізу алаңын салу қажеттілігі бар. Биыл Қонаев ауылында ФОК салуға қаржы бөлінді. 2020 жылы Шу қаласында ФОК құрылысы кірген. Қосымша ат спорты ойындарын өткізу алаңын салуға бюджеттік өтінім берілді. Сондай-ақ үш ауылдық округте спорт алаңшаларын салуға қаржы бөлінді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша Еңбек ауылында 5 келушіге арналған медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде. Биыл Шу қалалық емханасы және Оразалы батыр ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт күрделі жөндеуден өткізіледі. Алдағы жылға Шу қалалық ауруханасын күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігі туындап, ЖСҚ әзірленуде, Жиделі стансасында медициналық нысан салу жоспарланған.

Элект р желілері мен трансформаторлардың 85 пайызының тозығы жеткен (15000 бағананың 12000-ы тозған). Елді мекендерде жарық жиі сөніп қалуынан тұрғындар тарапынан шағым көп түсуде. Арнайы жұмысшы топ құрылып, зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Топтың 2 отырысы өтті. Әкімдікке қарасты трансформаторлар мен электр желілерін РЭС-тің теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде. Биыл Алға ауылында электр бағаналарын бетон бағаналарға ауыстыру жұмыстары басталды. Қорағаты ауылдық округіндегі Жиенбет ауылында қосымша трансформатор, Төле би ауылында 3 көшеге электр желілері мен трансформатор орнатылатын болады.

Каналдарды жөндеу бойынша ПУИД- 2 мен 12 нысанға қайта жаңғырту жүргізілуде. Онда 5 863 гектар суармалы алқап бар. Балуан Шолақ және Дулат ауылдық округінің тұрғындарымен жиын өткізіліп, мердігер тиісті міндеттеме алды.

Зерделеуді қажет ететін жайылым 91,8 мың гектарды құраған. 18 ауылдық округте босалқы жер қорының есебінен 83,3 мың гектарға ұлғайтылды. Нәтижесінде, елді мекенде жайылымға қажеттілік 8,5 мың гектарға азайды. Мал басы көп 36 жер пайдаланушы орман қоры жеріне шығарылды. Игерілмеген 6 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Елді мекенге 5 километр радиуста орналасқан жайылымдағы 121 шаруа қожалығының 15,7 мың гектар жерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша аудан әкімдігінің қаулысы қабылданып, жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Тасөткел су қоймасының вертикалды дренажды ұңғымалары істен шыққан (Тасөткел су қоймасын толтыру 1972 жылы басталған, ал қойманың жоғарғы рельефінің белгісі 1968 жылы топографиялық түсірілімдерге негізделген). Қойманың жоғарғы релье фімен байланыстыра отырып, топографиялық түсірілім жұмыстарын жүргізу қажет. Бүгінде 85 дренаждық ұңғыма істен шыққан. Олар қалпына келтірілген жағдайда 44 мың гектар алқап пайдалану мүмкіндігіне және суды тиімді пайдалануға, экологиялық жағдайды жақсартуға оң әсерін тигізбек.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында биыл 60 жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның 2-еуі білім, 4-еуі денсаулық, 2-еуі мәдениет, 1-еуі спорт, 3-еуі ИКИ, 9-ы газбен қамту, 6-ы ауыз сумен қамту, 35-і жолдарды жөндеуге, 11-і жарықтандыру жұмыстарына бағытталған.

Бұдан бөлек, ауданда 2022-2025 жылдарға арналған, жалпы құны 336 миллиард теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Оның үшеуі жүзеге асырылу сатысында. Олар «A&T Энерго» ЖШС – ГЭС, «Элнур Адил Групп» ЖШС – макарон өнімдерін өндіру, ЖК «МАТЫШЕВ» – көкөніс қоймасы.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша биыл егістік көлемін 800 гектарға ұлғайту жоспарланған (129,4 мың). Ауқымды жобалардың бірін «Qyzylsha» ЖШС жүзеге асыруда. Өткен жылы 4,3 миллиард теңге инвестиция салып, 1 500 гектарға су үнемдеу технологиясы қолданылды. Қосымша берілген жерге биылдан бастап, 5 миллиард теңге инвестиция салуды жоспарлауда. Ауданда 7 553 гектар алқаптағы су үнемдеу қондырғыларын 10 мың гектарға жеткізу межеленді.

Осы жылдың І тоқсанында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіште оң динамика қалыптасты. Өнеркәсіпте өндірілген өнім – 100,6 (3308,4 млн.), ауыл шаруашылығының өнімі – 102,1 (3042,7 млн.), құрылыс жұмыстары – 107,9 (2955,0 млн.), тұрғын үй көлемі – 106,3 (5871 мың ш.м.), инвестиция 115,8 (2543,6 млн.) пайызға орындалды.

Аудан халқының 22 741-ін жастар (22,9%) құрайды. Бүгінде барлық жастардың әлеуметтік паспорттары әзірленіп, талдау жүргізілді. 197 жас жұмыссыз ретінде тіркелген (талдау нәтижесінде 624 жас жұмыссыз екені анықталды). Жыл сайын 1000-нан астам жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылуда. 73 жас «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 396 жасқа қайтарымсыз грант берілсе, 38 жас «Еңбек» бағдарламасы бойынша шағын несие алды. Алғаш рет Шу қаласында «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі ашылды. Нәтижесінде, қаланың шалғай аудандарындағы NEET жастармен тығыз жұмыс жүргізуге мүмкіндік жасалды. Жұмыспен қамтудың 3 айында 849 адам орналасса, 4718 жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Жастар тәжірибесіне – 68 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына – 373 , әлеуметтік жұмыс орындарына – 42, «Алғашқы жұмыс орнына» 10 адам жіберілді.

Биыл 253 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарлануда. 339 отбасы атаулы әлеуметтік көмек, 423 бала кепілдендірілген әлеуметтік пакет алды. 500-ден астам адамға 4,6 миллион теңгеге демеушілік көмек көрсетілді.

Өңірді дамытуға бағытталған шаралар осымен тоқтап қалмақ емес. Барлық сала бойынша нәтижелі жұмыстар өз жалғасын таба беретін болады. Жоспарланған жобалардың барлығының игілігі ел үшін жүзеге асырылады.

Сәкен АРУБАЕВ,

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support