Мемлекетімізді жетілдіру, жаңғыртудың төте жолы
Мемлекетімізді жетілдіру, жаңғыртудың төте жолы
Жиында алғаш болып сөз тізгіндеген Талғат Ешенқұлов Конституцияға енгізілетін өзгерістерді бекіту үшін өтетін референдумның мәні мен маңызына тоқталып, орын алатын өзгерістер елімізді дамуға бастайтынын атап өтті. Сондай-ақ университет басшысы жастарға алдағы өзгерістерден нақты не күтуге болатынын түсіндірді. – Елдегі реформаларға құқықтық негіз болатын өзгерістер халық талқысына салынып отыр. Ендеше, оны қолдап, дауыс беру – елге жүктелген жауапкершілік. Тәуелсіз Қазақстанның ең басты құжаты – Конституциясы. Ал ондағы жазылған әрбір сөз, әрбір тыныс белгісі маңызды рөл атқаратынын жастар түсінуі керек. Қазірден елдегі орын алып жатқан өзгерістерді дұрыс саралап, ой түйіп, немқұрайлылық танытпау қажет, – деді Талғат Ілиясұлы. Ал өз кезегінде партия жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Қасымхан Төлендиев Конституциялық реформа – еліміздің дамудың жаңа жолын таңдағанының көрінісі екенін тілге тиек етіп, бұл өзгерістер жастардың жарқын болашағы үшін маңызы зор екенін жеткізді. – Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістерде мемлекеттің басты капиталы – халқы және елдің, жердің иесі де сол халқы екенін айқындайтын басымдықтар бар. Жалпы Ата Заңдағы 98-баптың 33-і өзгертілмек. Бұл елдегі саяси жүйені құқықтық тұрғыда бекітеді, – деді Қасымхан Естемесұлы. Жиын барысында студенттер де референдум бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.
«Aq jol»-Aqparat».