- Advertisement -

Шекаралық аймақтан өтерде жеке куәлігіңізді ұмытпаңыз

60

- Advertisement -

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің облыстағы департаментінде шекарашылар ел тыныштығын күзетумен қатар, екі ел арасын заңсыз кесіп өтуге оқталған азаматтарды қалт жібермейді. Жыл сайын шекаралық аймақтағы сарбаздардың заңға бағынбаған бірнеше тұлғаны анықтауы ең әуелі қызметіне адалдығынан болса керек.

Мысалы, жуырда «Қайыңды» шекара бөлімшесінің жауынгерлері бір отар қойды алдына салып, ел аспақ болған күдіктіні ұстады.

– Біз түн ортасында күдіктенген аумаққа тікұшақпен жетіп, айналаны барлауға кірістік. Сонда екі елдің арасын бөліп тұрған шекараның бойынан атты адамды байқадық. Бұл кім, мұнда қайдан жүр деп күмәнданған соң ту сыртынан жасырын бақыладық. Сол мезетте бір отар қой айдаған тағы бір күдікті пайда болды. Екеуі біздің учаске маңындағы төбенің басында кездесіп, біраз тұрған соң, соның бірі отарды көрші елдің аумағына қарай бұрды. Демек, барымта. Біз бірден жедел әрекетке көшіп, 38 қой өткізбек болған күдіктіні қолға түсірдік, – дейді аға лейтенант А.Қадырғазиев.

Шекара қызметінің облыстағы учаскесіндегі шекарашылар рейдтік іс-шаралар барысында заң талабында көрсетілген ережеге бағынбаған азаматтарды да анықтауда. «ҚР Мемлекеттік шекарасы» туралы Заңының 41-бабы 1- тармағына сәйкес, шекаралық аумақтағы азаматтар әркез жеке куәлігін алып жүруі тиіс. Мысалы, биыл тексеріс барысында жеке куәлігі жоқ 27 адам анықталса, оның төртеуі қазақстандық, ал 23-і Өзбекстан азаматы екені белгілі болған. Сонымен, талапқа бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысы 5 АЕК көлемінде айыппұл төледі.

Шекара қызметі облыстағы шекаралық аймақ тұрғындарын «ҚР Мемлекеттік шекара туралы» Заңының талаптарын орындауға шақырады.

Т.СЕРІКҚАЛИЕВ,
ҚР ҰҚК Шекара қызметі облыстағы департаментінің капитаны.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support