- Advertisement -

Бұрынғы министр Біртановтың қылмыстық ісі қайта сотқа түсті

68

- Advertisement -

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қылмыстық ісі Сарыарқа аудандық №2 сотының қарауына түсті.

«Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында Е.А. Біртановқа, О.А. Әбішевке қатысты қылмыстық іс өндіріске қабылданды. Қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау 11 мамырға сағат 10.00-ге белгіленді», — деді соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Бұрынғы министр Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары іс бойынша бапты қайта саралаған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support