Үшінші дүниежүзілік соғысқа тап болғымыз келмейді — АҚШ

14

Ұлттық барлау директоры Аврил Хейнс АҚШ Украинаны қолдау арқылы мәселені Үшінші дүниежүзілік соғысқа жеткізгісі келмейтінін айтты.

Хейнс, барлау мәліметтері бойынша, Ресей ядролық қаруды «экзистенциал қауіп» жағдайынан тыс қолдануға бармайтынын, бірақ Украинадағы қақтығыста жеңілу мен оған НАТО-ның қатысуын қарастыруы мүмкін екенін қайталады.

«Біз Украинаны қолдаймыз, бірақ Үшінші дүниежүзілік соғыс жағдайына тап болғымыз келмейді», — деді ол конгрестегі тыңдауда.

Әскери барлау директоры Скотт Беррье АҚШ «дәл қазір» Ресей Украинада тактикалық ядролық қаруды қолданғысы келмейтінін айтты.

«Біз бұл мәселеге қатты көңіл бөлеміз», — деді ол.

Бұған дейін Литваның бұрынғы президенті Даля Грибаускайте қазір Үшінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқанын айтқан болатын.

Comments are closed.