- Advertisement -

«Талмай жұмыс істеу керек». Бивол Елеусіновке видеоүндеу жасады

57

- Advertisement -

Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол мексикалық Сауль Альваресті жеңгеннен кейін Данияр Елеусіновке арнап видео түсірді.

WBA Super нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшыға үндеу жасады.

«Данияр, тыңда, Тоқмақтан Вегасқа жететін жол бар екен, иә? Талмай жұмыс істеу керек!» — дейді Бивол кадрларда.

«Елеусінов пен Бивол жасөспірім кезінен таныс, олар бір-бірін халықаралық турнирлерде көретін, бірақ әртүрлі салмақта өнер көрсетке», — деп хабарлады «Спорт Шредингера» Telegram-арнасы видеоға берген түсініктемесінде.

Дмитрий Бивол 1990 жылы Қырғызстанның Тоқмақ қаласында дүниеге келген. Бокстан Қырғызстан жасөспірімдер құрамасында болған. Балалық шағында бірнеше рет Қазақстанға турнирге келген. Спортшының отбасы 2002 жылдан бері Ресейде тұрады.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support