- Advertisement -

Тоғыз ауданда өнеркәсіп өндірісінің көлемі артқан

11

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталатынын мәлім еткен сөзінде экономикалық саясатқа да баса мән берді. «Экономикалық саясатымыздың мақсаты – айқын. Бұл – заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту. Бұл жүйенің өзегінде қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне білетін кәсіпкерлеріміздің ауқымды тобы тұратыны анық. Яғни бұл – өзінің және балаларының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлер. Дәл осындай кәсіпкерлер ел болашағы үшін өзіне жауапкершілік алуға дайын. Сол себепті, кәсіпкерлікті дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару маңызды», деп Үкіметтің алдына нақты міндеттер жүктеді.

Президент Жолдауларында да Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында да ел экономикасын көтеру, кәсіпкерлерге тірлігін өрістетуге жағдай жасауды тапсырып келеді. Мұны – бізге де жүктелген аса зор жауапкершілік деп сезінеміз.

Бүгінгі таңда облыста өнеркәсіп саласында 15 ірі, 23 орта және 711 шағын кәсіпкерлік барлығы 749 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс атқарады. Аталған өнеркәсіп кәсіпорындарында 4055 адам жұмыс істейді.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыс өнеркәсіп кәсіпорындарымен 184,1 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,2 пайызды құрады.

Облыста тау-кен өнеркәсібінде «Қазфосфат», «ЕвроХим», «Алтын Алмас», «Жамбыл Гипс», «Қаратау Про», «ЖЦПК» және басқа да іргелі өндіріс орындары жұмыс атқаруда. Саланың тек шикізат көлемінің өндірісі 2022 жылдың 3 айында 20,8 миллиард теңгені құрады, бұл жалпы өндірістің 11,3 пайызы. Өңдеу өнеркәсібі саласында 126,7 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,8 пайызды құрады. Бұл саланың жалпы өнеркәсіп саласындағы үлесі 68,8 пайыз.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласында – 22,5 пайызға, химия өнеркәсібінде – 6,9, өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде (құрылыс индустриясы)

– 17,3, дайын металл бұйымдарын өндіруде – 17,8, машина жасау саласында – 25,8 пайыз өнім көлемінің артуының нәтижесінде облыс бойынша өнеркәсіп өнімінің артуына қол жеткізілді.
Аудандар бөлінісінде, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9 ауданда артқан: Байзақ – 101, Жамбыл – 105,1, Жуалы – 100,3, Қордай – 101,7, Т.Рысқұлов – 104,7, Меркі – 100, Мойынқұм – 100,1, Талас – 100,4 және Шу – 100,6 пайызды құрады. Сарысу ауданында ғана 96,5 пайыз болып, аудан кәсіпорындары 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларының деңгейіне жетпеді.

Тараз қаласының кәсіпорындарымен 2022 жылдың қаңтар-наурызында 116,8 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда негізгі көрсеткіш индексі – 106,4 пайызды құрап отыр. Облыс орталығының жалпы өнеркәсіптегі үлесі – 63,5 пайыз.

Өнеркәсіп кәсіпорында-рында өндірістерді жаңғырту немесе жаңа өнім түрлерін өндіру жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында Тараз қаласында «Жамбыл гипс» акционерлік қоғамы гипсокартон өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Жобаның жылдық қуаттылығы – 3,8 миллион шаршы метр. Жоба бойынша 25 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.

Талас ауданында «Қаратау Про» ЖШС – «Майда ұнтақталған мәрмәр толықтырғыш өндіретін зауыттың өндірістік қуатын ұлғайту» жобасын іске асыруда. Жобаның құны – 1081 миллион теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 127 мың тонна жылына. Жоба бойынша 25 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда.

Тараз қаласында «Alina Group» ЖШС – «Өндірістік алаңын кеңейту және жаңғырту» жобасын іске асыруда. Жобаның құны – 7310 миллион теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – ПГП 107,7 мың шаршы метр, штукатурка және клей 147, 8 мың тонна, гипс 31,7 мың тонна жылына. Жоба бойынша 320 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда.

«Қазфосфат» ЖШС индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде құны 45,6 миллиард теңгені құрайтын «Минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын жаңғырту» жобасын іске асыруда. Жоба бойынша жаңа 300 жұмыс орнын ашу көзделуде.

Облыста экспорттық әлеуетті арттыру бағытында өңірдегі кәсіпорындармен жұмыс бір жүйеге қойылған. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы арқылы өткен жылы 7 кәсіпорын жалпы сомасы 103,5 миллион теңгеге қолдау алса, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті кемінде 10 пайызға арттыру бойынша жұмыс істеудеміз.

2021 жылдың қорытындысымен облыс бойынша шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 156,4 миллион АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 122,6 пайызға жетті.
Сондай-ақ осы бағытта өңірімізде өндірілетін, бренд ретінде танылған тауарларды шет мемлекеттерде сұранысын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы кәсіпкерлік саласын дамыту бағытындағы жұмыстарды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудан бөлек, облыстық, республикалық деңгейдегі заңнамалық, мүдделі мекемелермен әріптестік қолдауларды пайдалану жүзінде де іске асыру өз жалғасын табатын болады.

Аспандияр СЕЙСЕБАЕВ,
облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support