Түсіндірме жұмыстары кең көлемде жүргізілуде

17

Тараз қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен наурыз айынан бастап қала аумағында орналасқан халық көп шоғырланған сауда орталықтары мен базарларда 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері туралы кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінге дейін шаһардың 7000-ға жуық тұрғынына ақпарат беріліп, орталық көрсететін мемлекеттік қызмет түрлері кеңінен насихатталды. Сонымен қатар кеңес алған қала тұрғындарына 5000-нан астам буклеттер таратылды.

Орталық мамандары қала тұрғындарының көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап беріп, қаланың әр аймағында тұратын азаматтар орталықтың жылжымалы жұмыспен қамту мамандарына алғыстарын айтуда.

Тараз қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Comments are closed.