- Advertisement -

Жас прокурорлар ант қабылдады

55

- Advertisement -

Облыстық прокуратураның ұйытқы болуымен Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты шараға прокуратура қызметкерлері, ардагерлер және жастар қатысты. Жиында облыстың бас прокуроры Нұрғалым Әбдіров құттықтау сөз сөйледі.

– Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен, алдағы Жеңіс күні ретінде аталып өтетін жалпы халықтық мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Ұлтаралық келісіммен тұрақтылық, достық пен ынтымақтастықтың ортақ шаңырағы, егемен еліміздің қауіпсіздігі, халқымыздың бейбіт өміріне қорған болған әскеріміздің қуаты нығайып, айбыны асқақтап, даңқы арта берсін,–деді облыстың бас прокуроры Нұрғалым Әбдіров.

Басқосу барысында «Заңдылық алаңының» алдында прокуратураның жас мамандары ант қабылдады.

– Менің әкем осы бір адал да ардақты қызметке 28 жыл ғұмырын сарп еткен. Менде сол әкемнің жолымен қызметті адал, әділ атқарып, заңдылықтың сақталуына өз үлесімді қосқым келеді. Бүгін облыс прокурорының ұжымының алдында ант қабылдағалы тұрмын. Бұл мен үшін бақыт, – дейді Қордай аудандық прокуратурасының прокуроры Серік Сабыр.

Жас мамандар сертіне берік болуға ант қабылдаған соң, бас прокурор Нұрғалым Әбдіров салаға еңбегі сіңген бірқатар қызметкерді арнайы медальдармен марапаттап, жұмысына табыс тіледі.

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support