- Advertisement -

Ел назарында – Ермектің фотолары

23

- Advertisement -

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты көркемсурет галереясында Ермек Сарбасовтың «Қас қағым сәтте» атты жеке көрмесі ашылды. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының штаттан тыс әскери суретшісі Ермек Заулаұлының сексеннен астам фотосуреттері қойылды.

Бұл фотолар 1995 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңдерді қамтиды. Елбасының бірнеше өңірлерде әскери құрылымдарда болған суреттері, әр жылғы Қорғаныс министрлерінің фотолары кеңінен қамтылған. Әскери салада да әуе, құрлық, теңіз әскері деген сынды бірнеше құрылым бар болса, Ермек фото жиынтықтарында әскери саланың барлық тармағы қамтыған. Көрменің ашылу салтанатында облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Жанна Қосалиева, «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығының жауапты өкілі, полковник Жандос Мәденов, көрме авторының анасы Ұлтай Өксікбаева сөз сөйледі. Онан соң жиналғандар көрме жұмысын аралап көрді. Көрмеге келушілерді «Отан қорғаушыларымыз», «Арнайы мақсат жауынгерлері», «Жауынгерлік парад» тағы да өзге тақырыптағы фотосуреттер қызықтырды. Фото маман Ермек Заулаұлы бұл көрмесіне жан-жақты дайындалғаны байқалады. Е.Сарбасов бұл іспен 30 жылға жуық уақыттан бері айналысады. ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімінде радиоэлектрондық жабдық бойынша авиациялық маман (штаттан тыс фототілші), ҚР Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан сарбазы-Войн Казахстана» газетінің фототілшісі, ҚР Қарулы күштері әскери бөлімі техникалық бөлімінің бастығы қызметтерінде болған. Шара барысында Ермек Сарбасовтың анасын сөзге тарттық.

– Ұлымның осындай фотокөрмесін ұйымдастырылғаны үшін өте қуаныштымын. Суретшілік Ермектің қанында бар. Әкесі Заула марқұм «Білім беру ісінің үздігі», 45 жыл сурет және сызу пәндерінен сабақ берген озат ұстаз болатын. Ал інісі Еркін де өнер мектебінде сабақ береді. Барлығы осы сурет саласының төңірегінде тер төккендер. Осы көрмені қолдаған облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына, аталған музейге алғысым шексіз, – деді Ұ.Өксікбаева. Фотокөрменің сәтті өтуіне жамбылдық танымал фототілші, облыстық «АRАI» газетінің белді маманы Алтынбек Қартабай мен аталған музейге қарасты көркемсурет галереясының меңгерушісі Гүлмира Нұрханованың да сіңірген еңбегі елеулі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support