Ыбырайым Сүлейменов – Халық қаҺарманы

6

Ағайын, сүйінші! Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені: 

– 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені Төлеуғали Насырханұлы Әбдібековке (марқұм);

– 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқышт ар бат а льонының командирі Алекс андр Александрович Несмияновке (марқұм);

– 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы Ыбырайым Сүлейменовке (марқұм) беріліп, марапат ұрпақтарына тапсырылды.

Иə, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жоғары дəрежелі атаққа ие болғандар арасында жерлесіміз Ыбырайым Сүлейменовтің болуы жамбылдықтарды ерекше толқытты, қуаныш сыйлады. Былтыр Ы.Сүлейменовке «Халық қаһарманы» атағын беру туралы ұсыныс айтылып, «Аq jol» газетінде сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің көлемді мақаласы жарияланды. Артынша осы ұсынысты қызу қолдаған бірнеше мақалалар сериясын, танымал кісілердің пікірлер топтамасын ұйымдастырдық. Іздестіріп тауып, Ыбырайымның туған ағасы Сүйіндіктің қызы Айткүл Сүлейменова жайлы мақала жазып, Айткүлдің үлкен ұлы Ертай Жатайұлының да пікірі берілген болатын. Онымен де шектелмей Ыбырайым батырдың жалғыз тұяғы, қызы Алмагүл жайлы іздестіріп, Алмагүл апай марқұм болып кеткенімен, қызы Айгүл Сүлейменовамен де сөйлесіп, көлемді мақала əзірлегенбіз.

Енді міне, ел жақсыларының тілегі қабыл болып, Президенттің Жарлығымен Ыбырайым Сүлейменовке «Халық қаһарманы» атағы –Алтын жұлдыз беріліп, «Отан» орденімен марапатт а лып үлкен қуанышқа бөледі. Яғни, бұл істе «Аq jol» газеті көтерген ұсыныст ардың , жарық көрген мақалалардың тамшыдай үлесі бар деп ойлаймыз. Газет оқырмандарын осынау қуанышты хабармен құттықтағымыз келеді.

– Біз Ыбырайым атаның жалғыз перзенті Алмагүлдің ұрпағымыз. Мен Алмагүлдің қызымын. Анам Алмагүл өмір бойы осы əкесі Ыбырайым Сүлейменов жайлы ізденіп, əкеме атақ алып берем деген арманмен өмірден өтті. Анамыз ол арманына жете алмағанымен, міне перзенттері біздер, немерелері, ұрпақтары жетіп отыр. «Өлгені тірілді, өшкені жанды» деген осы шығар. Ыбырайым ат ам жайлы Бауыржан Момышұлы «Ақиқат пен аңыз», Әзілхан Нұршайықов «Автопортрет» кітаптарында жазды. Жазушы Көс ем əлі Сəттібайұлы, ақын Нарша Қашағанұлы да Ыбырайым Сүлейменов жайлы көп ізденді. Ол кісілердің барлығына ризамыз. Облыстық «Аq jol» газеті де былтыр бірнеше мақалалар сериясын ұйымдастырып, баст ама көтерді. Ғасырлық тарихы бар газет ұжымына рақмет. Біз өте қуаныштымыз. Марқұм Алмагүл анам да бір аунап түскен болар. Ыбырайым атаға берілген «Халық қаһарманы» атағы осы барша жамбылдықтарға көрс етілген құрмет деп есептеймін, – дейді батырдың немересі Айгүл Баянқызы Сүлейменова.

Comments are closed.