- Advertisement -

Қостанайда алапат өрт болды: 11 үй жанып кетті

52

- Advertisement -

9 мамырда кешке Қостанай шетінде Тобыл өзенінің бойында қамыс өртенді. Желдің салдарынан өрт жақын маңдағы тұрғын үйлер мен Набережная көшесіндегі жеке сектордың ауласына тарап кетті.

ТЖД мәліметінше, өрт 11 тұрғын үйді, алты шаруашылық құрылыс нысаны мен төрт автокөлік, оның ішінде бір жүк көлігін жойып жіберді. Екі тұрғын үй жартылай бүлінді, жалпы 1000 шаршы метр алаң зардап шекті. Қамыс шамамен 1,5 гектар жер жанған.

Өртті сөндіру қатты жел мен түтіннен қиындағаны хабарланды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, Набережная көшесі бойынша 25 адам эвакуацияланды.

Эвакуацияланған адамдар «Дружба» емдеу-сауықтыру орнына орналастырылды. Алдағы уақытта оларға көмек көрсетіледі. Өрт сағат 20.15-те ауыздықталып, жергілікті уақыт бойынша сағат 21.24-те сөндірілді.

Өртті сөндіруге ТЖД мен Қостанайдың басқа да қызметтерінің ондаған қызметкері мен техникасы жұмылды. Оқиғаның себебі мен шығын анықталып жатыр.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support