Зеленский: Таяуда Украинаның екі бірдей Жеңіс күні болады

60

Украина президенті Владимир Зеленский Жеңіс күніне орай видеоүндеу жолдады.

«Бұл екі армияның соғысы емес. Бұл екі дүниетанымның соғысы. Сковорода мұражайын атқылап, біздің философиямызды зымырандарымен жоюға болатынына сенетін варварлардың соғысы.

Біз балаларымыз үшін бостандық үшін күресеміз, яғни жеңеміз. Екінші дүниежүзілік соғыста біз үшін өмірін қиған сегіз миллионнан аса ата-бабамыздың не істегенін ешқашан ұмытпаймыз.

Жақында Украинада екі Жеңіс күні болады. Ал әлдекімде бірде-бір адам қалмайды. Сол кезде жеңдік. Қазір де жеңеміз. Украина халқы Жеңіс шеруін — Украинаның жеңісін көреді!»- деді Зеленский.

Ол Гитлерге қарсы коалиция құрамында нацизммен соғысқан Украинадан жеңісті ешкім ала алмайтынын атап өтті.

Зеленский Кеңес Армиясының жетістіктерін еске түсірді, оның қатарында соғысқан атасы екі Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталғанын айтты.

«Нацистер Ялта, Симферополь, Керчь және Қырымнан қуылды. Мариуполь фашистерден босатылды. Нацистер бүкіл Украинадан қуылды, бірақ мен атаған қалалар бізді ерекше шабыттандырады. Олар бізге басқыншылар біздің жерімізді тартып ала алмайтынына көз жеткізді», — деді Украина президенті.

9 мамырда соғыс жағдайына байланысты Киевте шерулер мен мерекелік шаралар ұйымдастырылмады.

Comments are closed.