- Advertisement -

Ардагер Мұсахан атаға құрмет көрсетілді

110

- Advertisement -

Отанның бейбіт таңы, елдің амандығы үшін жаумен жан берісе шайқасқан батырлардың ерлігімен жеткен Жеңіс мерекесінде ардагерлерге құрмет көрсетілді. Бүгінде ортамызда жүрген ардагердің бірі Мұсахан Бердібаев. Жуалы ауданы, Жетітөбе аулында туып, өскен Мұсахан атай 1941 жылы әскерге шақырылып, сол кездегі Жамбыл қаласында құрылған 105 атты әскер полкіне алынады. Небары 19 жасында майданға аттанған жауынгер елге аман-есен жеңіспен оралып, 2-ші топтағы мүгедек болса да ел игілігіне жауапты қызметтерді атқарған.

Жеңіс мерекесінде ардагер атайды облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров пен Тараз қаласы әкімінің орынбасары Бағдәулет Сариев құттықтап барды. Жасы жүзден асқан Мұсахан ата ел билігіне, өңір басшылығына ризалығын білдіріп:

 – Бастысы бірлік болса, жеңбейтін қамал жоқ. Еліміздің ынтымағы сөгілмесін! Жұрт аман болсын. Жаратқан Иеміз халқымызға қуаныш, бақыт берсін! –деп батасын берді.

Ел президентінің, облыс әкімінің құттықтауын жеткізе келген облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров:

– Мереке барша халқымызға құтты болсын! Бүгінгі ұрпақтың бақыты үшін жан аямай ерлік көрсетіп, еңбек еткен ата, апаларымыздың еңбегі өлшеусіз. Қандай құрметке де лайық. Елдің амандығы үшін бораған оқтың астында от кешкен жандардың алдында бәріміз де қарыздармыз, —деп тілегін ақтарды.

Мәскеу, Иванов қалаларында, Дон бағытында, Сталинград, Курск, Калинин бағыттарында шайқастарға қатысқан Бердібаев Мұсахан ата 1945 жылы 10 қаңтарда ауыр жараланып, 5 ай госпитальда емделген. Елге оралғаннан соң 1945-1988 жылдары  мұғалім, аудандық партия комитетінің жауапты қызметкері, МТС директорының орынбасары, колхоз парткомының хатшысы, кәсіптік-техникалық училище директоры қызметтерін атқарған. Ерлігімен, еңбегімен  2-ші дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, көптеген мерекелік медальдармен марапатталған.

Бүгінде 1 ұл, 6 қыздан 17 немере, 34 шөбере сүйіп отыр.

Қ.Рахметуллина

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support