«ЕЛІМІЗДІҢ ҰЛТТТЫҚ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНСА ДЕЙМІН»
«ЕЛІМІЗДІҢ ҰЛТТТЫҚ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНСА ДЕЙМІН»
– Рақмет. Мұндай жасыл, көрікті шықтым. Бір нәрсені жоспарлау бір басқа да, оны жүзеге асыру бір басқа. Республика аумағын жаяу аралап шығу бұрыннан ойымда еді. Міне, жүзеге асып жатыр. Одан әрі қарай да Құдай денсаулық, күш-қуат берсе жалғастыра бермекпін. Алда 8 мың шақырым жол бар. – 72-ге толған жасыңыз бар. Мұндай жаста кейбір кісілер жаяу түгілі, көлікке әзер мінеді. Мұндағы мақсатыңыз қандай? Сіздің бұл әрекетіңізді: «Жасы келгенде үйінде тыныш жатпай ма? Ұрпақтарының қасында» деп дұрыс түсіне алмай жүргендер де бар. Осыған не дейсіз? – Бұл жоба барысында үш мәселені мақсат тұттым. Бірінші, Ұлытаудың тарихын, қола дәуірінен бастау алған қазақ тарихын кеңінен түсіндіріп, насихаттау. Екіншісі, қазақ қолөнер шеберлерінің тізімін түгендеп, ЮНЕСКО ұйымы деңгейінде назар аударту. Себебі қазақтың қолөнері кенжелеп тұр. Көршілес Өзбекстан мен Қырғыз елінде де қолөнершілер көрмесін жиі ұйымдастырады. Оның үздіктерін дүниежүзілік көрмелерге ұсынып, туларын көкке желбіретіп жатыр. Қазақтың олардан қай жері кем? Біз де осы тұрғыдан биік деңгейге жетсек, қазақ қолөнершілеріне де көңіл бөлінсе деген тілек бар. Үшінші, мақсатым – қазақтың ұлттық мейрамы туралы. – Ұлттық мейрам дейсіз бе? – Иә, ұлттық мейрам! Қазақта қазір ұлттық мейрам бар ма? Бұрын болған. Наурыз мерекесін тойлап, көңілімізді тоғайтып жүрміз. Ол бірақ Парсы, Ираннан келген мереке. Сол Наурыздың өзін еліміздің әр өңірі бір мезгілде тойлай алмайды. Мәселен, 22 наурыз Ұлыс күнінде еліміздің Солтүстігінде 40 градус аяз, ат құлағы көрінбес боран соғып тұрады. Киіз үй тігіп, той тойламақ түгілі далаға еркін шығу мүмкін емес. – Сонда не істеуіміз керек? – Қазақ халқы дүниежүзі бойынша жылқыны тұңғыш қолға үйреткен мемлекет. Сондықтан елімізде мемлекеттік деңгейде «Қымыз» ұлттық мерекесі тойлануы қажет деп білемін. Ол жаз айында, ел малын төлдетіп, егінін егіп болып, арқа басы кеңіп, жайлауға шыққан уақытта тойланғаны жөн. Күн ұзақ. Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылып, ән әуелеп, күй күмбірлесе. Ақындар айтысы, қазақ күресі, мешкейлер жарысы, түйе балуан, өгіз балуан, көкпар, қыз қуу, теңге ілу, бәйге, жамбы ату бәрі-бәрі өтіп жатса қандай жарасымды. Ол кезде қазақтың бүкіл өңір бір мезгілде мұндай мерекені тойлай алады. Міне, осы «Қымыз» мерекесін жаңғыртқанымыз жөн. – Таразға дейін қандай өңірлерді басып өттіңіз? – Тәуліктен аса уақытта жеттім. Атап айтқанда, 140 шақырым жолды 28 сағатта жүріп өттім. Жезқазғанда екі күн аялдап, 3 сәуірден бастап 10 күн жүріп, Қызылордаға жеттім. Екі аралық 430 шақырым. Ол аралықта елді мекен, шайханалар сирек. Арбамның дөңгелегі сынып, жолда біраз қиындық көріп қалдым. Онда да екі күн аялдадым. Қызылорданың атқа мінер азаматтары, құрметті азаматтары мен зиялылары, айтыскерлері жақсы қарсы алды. Қызылордада студенттер мен оқушылардың қатысуымен көрме ұйымдастырды. Ол жерде қолөнерді насихаттадық. Шиелі, Жаңақорған аудандарының әкімдері қарсы алып, құрмет көрсетті. «Жаңақорған» ансамблі де менің құрметіме концерт қойып берді. – Арбаңыздың дөңгелегі сынғанын айттыңыз? Жолдың қиындықтары көп кездесті ме? – Әрине сапар болған соңқиындықсыз бола ма? Арбаның дөңгелегі сынып, бірнеше күн далада қонған сәттерім болды. – Бұл жолға қалай тәуекел еттіңіз? Жастай спортпен шұғылдандыңыз ба? – 9 жасымнан бері мектеп оқуымен қатар еңбекке араласып, шынығып өстік. Қазір де 72 жасқа келгеніме қарамастан Жезқазған темір бетон зауытында ұста болып еңбек етемін. Бұрын Ұлытау мемлекеттік қорық мұражайында 10 жыл еңбек еткенмін. – Отбасыңыз жайлы не айтасыз? Өмірлік жарым бір жарым жыл бұрын бақилық болды. Перзенттерім, немере-шөберелерім бар. - Сізге кім көмектесіп жүр? - Бақтияр Сапарбекұлы деген азамат көлігімен қолдап, алдымдағы елді мекендер, аудандар жөнінде хабар алып, жанашырлық білдіруде. Мен жайлы ақпарат таратуға Баян Шайгөзова да қолдау білдіруде. Таразда Талғарбек Айдаров деген кәсіпкер азамат қарсы алып, демалдырып, шай ұсынып, құрмет көрсетті. Алда әлі 8 мың шақырым жаяу жүріп өтуім керек. Шығыс пен Батыс өңірлердің бәрін жүріп өтіп, сапарымды Алла бұйыртса қараша айында Ақтауда аяқтауды көздеп отырмын. - Әңгімеңізге рақмет!