- Advertisement -

Зертхана бөлімі жаңа қондырғылармен толықты

31

- Advertisement -

Денсаулығымызда қандай да бір ауру белгілері байқалса, дәрігерге қайырыламыз. Оның нұсқаулығымен аурухананың зертхана бөліміне қан тапсырып, соның сынамасын күтеміз. Қазір кез келген ауруды бір күннің ішінде қажетті анализді тапсыру арқылы анықтауға болады. Ал осы зертхана бөлімінің жұмысы қандай, мұнда қандай мамандар жұмыс істейді, халыққа қандай қызмет көрсетеді деген сауал көп адамды қызықтырмай қоймайды.

Бүгінде аудандық орталық аурухананың клиникалық-диагностикалық зертханасы заман талабына сай жабдықталған, заманауи зертханалық аппараттарымен, тұтыну материалдарымен қамтамасыз етілген. Зертхананың негізгі жұмысына стационарлық, шұғыл қызмет және емхананы қамту жұмыстары кіреді.

Жылдан жылға зертхана жұмысы күрделі зерттеулерді қамтуда. Өйткені адам мүшелерінің жағдайын тереңірек зерттеу арқылы оның патогенездік салаларындағы және клеткаларындағы, тіпті субклеткаларындағы ауруларды тереңірек анықтауға тура келеді.

Бөлімді жоғары категориялы, тәжірибелі дәрігер Ақәділ Жанғазиев басқарады.Бөлім меңгерушісінің айтуынша, зертхана бүгінде жаңа қондырғылармен жабдықталыпты. Соның арқасында мұндағы.жұмыс едәуір жеңілдетіліпті.

– Ағымдағы жылдың ақпан айында аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Батырбек Үсенбаевтың бастамасымен зертхана бөліміне заманауи анализатор алынған болатын. Бас дәрігер жаңадан жұмысқа тағайындалғаннан бастап, ауруханаға қарасты бөлімдермен танысып, не нәрсеге мұқтаж екенімізді сұраған болатын. Содан кейін біз де қажетті аппараттарды көрсете отырып, бас дәрігерге сұраныс жасадық. Көп ұзамай сұранысымыз қанағаттандырылып, қажетті аппараттарға да қол жеткіздік. Атап айтар болсақ, зертханаға биохимиялық қан талдау DIRVI CS-T240, жалпы қан талдау DIRVI BCC-3900 және жалпы зәр талдау DIRVI H-100 аппараты, автоматты коагуламетр анализатор С 3100 аппараттары «МINDRAY» фирмасынан алынып келінді. Ендігі бөлімнің мақсаты — халыққа медициналық сапалы қызмет көрсету, – дейді Ақәділ Нұрғалиұлы.

Қазіргі таңда зертханада жұмыс өтілі 5-25 жыл аралығын қамтитын орта буынды зертханашылар медициналық қызмет көрсетуде. Тоғыз зертханашы және екі кіші медицина қызметкері жұмыс істейді.

Айта кету керек, клиникалық-диагностикалық зертхананың мамандары өздерінің кәсіби дағдыларын арттырумен тұрақты айналысып отырады, дәрігерлер де лаборанттар да арнайы даярлықтан өткен мамандар.

Адамның денсаулығы тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,

журналист.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support