- Advertisement -

ЖОЛ ЖӨНДЕУШІ КОМПАНИЯ СЕКСЕУІЛДІ ЗАҢСЫЗ КЕСІП ТАСТАҒАН

34

- Advertisement -

Табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Мойынқұм ауданының аумағында жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізген болатын. Тексеру кезінде облыстық маңызы бар автожолда жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын мекеменің сексеуіл ағаштарын заңсыз кесу дерегі анықталды.

Аталған ұйым жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз жол жиектері енінің стандарттарын бұзған. Сөйтіп, «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктің 5 текше метрін жойып жіберген.

Бұл дерекке қатысты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын көлемі анықталуда. Сондай-ақ сот-биологиялық сараптамасы тағайындалған.

Айта кетейік, еліміздің мемлекеттік орман қоры аймақтардағы сексеуіл ағаштарын кесуге 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салған.

Мойынқұм ауданы.
Бетті дайындаған Маржан РАҚАЙ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support