- Advertisement -

Жалтарсаң – қамаласың

90

- Advertisement -

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Тараз қалалық № 1 пробация қызметінің есебіне алынған «М» есімді азаматқа 2021 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен пробация қызметінің бақылауынан жалтарғаны үшін іздеу жарияланып, «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылған.

Бақылаудан жалтарғанның жазасы ауырлайтыны белгілі. Сондықтан оның жүрген жері анықталып, қолға түскенде қамауға алынады. Енді «М» есімді азамат сот шешімімен жазасын 2 жыл 10 ай мерзімде қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуі тиіс болып отыр.

Жалпы, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Тараз қалалық №1 пробация қызметі бас бостандығынан айырудан тыс жазаларды орындау қызметін атқарады. Негізгі міндет – істі болғандардың мінез-құлқын түзеу, сотталған адамды, қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінен босатылған адамды әлеуметке бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Сот шешім қабылдауында сотталғандарға жаза өтеуіне қосымша міндеттерді жүктейді. Ал орындамаған жағдайда пробация қызметі есептегі тұлғаның жүрген жерін анықтау мақсатында алғашқы іздеу шараларын жүргізеді.

Егер бастапқы iздестiру іс-шаралары нәтижесiнде сотталғанның орналасқан жерi анықталмаған жағдайда, пробация қызметі іздестіру жариялау және бұлтартпау шараларын қолдану мәселесін қоя отырып, соттың үкімімен тағайындалған шартты түрдегi жазаны, жаза өтеудi кейiнге қалдыруды өзгерту, қоғамдық жұмыстарын қамауға, түзеу жұмыстарын қоғамдық жұмыстарға не қамауға, бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынымды сотқа жолдайды. Сол себепті Тараз қалалық № 1 пробация қызметі сотталғандарға заң талаптарын қатаң сақтап, пробациялық бақылаудан жалтармау керек екенін ескертеді.

Ғ. КҮМІСБЕК,
облыс бойынша ҚАЖ департаментінің
Тараз қаласындағы № 1 пробация қызметінің инспекторы,
әділет аға лейтенанты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support