Әлеумет

ҚЫЗ ӨМІРІН САҚТАҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕР

ҚЫЗ ӨМІРІН САҚТАҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕР

Қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында полиция қызметкерлері түрлі жағдайларға тап болып жатады. Көбінесе келеңсіз оқиғалар мен шиеленіскен жағдайлардың бел ортасында полицейлердің жүретіні бар.

Тәртіп сақшыларының қырағылығының арқасында Тараз қаласында кәмелетке толмаған қыз аман қалды. Патрульдік қызмет барысында полиция батальонының қызметкерлері, полиция капитаны Айдын Абрахманов пен полиция лейтенанты Еламан Абенов жол бойында жаяу кетіп бара жатқан қыз баласының кенеттен есінен танып құлағанын көреді. Олар жедел түрде қыз баланың жанына барып, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Жасы кәмелетке толмаған қыз есін жинап, өзінің эпилепсия ауруымен ауыратындығын айтқан. Полиция қызметкерлері кәмелет жасқа толмаған қызды үйіне жеткізіп, аман-есен ата-анасына тапсырған.