- Advertisement -

ЗАҢДЫ БІЛМЕУ ЕШҚАНДАЙ САТУШЫНЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТПАЙДЫ

118

- Advertisement -

Бүгінде азаматтар қандай да бір зат сатып алуды көздесе, таңдау еркі көп. Алатын тауарының түрі де, оны сататын нүктелер де жетерлік. Нарық заманында өмір сүріп жатса да азаматтар өз құқықтарын білмей, шығынға батып жататын жайттар аз емес.

Қарапайым ғана тұтынушы құқығын білу азаматтарды көптеген мәселеден құтқарады. Мысалы, кейбір дүкендерде «Тауар айырбастауға және қайтаруға жатпайды» («товар обмену и возврату не подлежит») деген жазуды көрген тұтынушы сол жазудың негізінде өз затынан ақау тапса оны қайтармай жатады. Бірақ ол жазудың өзі заңсыз екенін біле бермейді.

Осы ретте «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңның 7-бабында (3-тарау) тұтынушының барлық құқығы нақты көрсетілген. Аталған Заңға сәйкес азаматтар:
– тауарды немесе көрсетілетін қызметті иеленуге еркін шарт жасауға;
– өзінің құқығын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге;
– тауар, сатушы, орындаушы не дайындаушы туралы ақпарат алуға;
– қауіпсіз тауарды сатып алуға, оны еркін таңдауға;
– тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;
– өзіне келтірілген залалды, соның ішінде моральдық зиянды толық көлемде өтетуге;
– тауарды/қызметті сатып алу фактісін растайтын құжат алуға;
– ұтыс түрінде берілген не орындалған тауардың/қызметтің сапасы бойынша ұйымдастырушыға кінә қоюға;
– тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;
– құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және оларды жүзеге асыруға құқығы бар.

ОЛ ҮШІН СІЗ НЕ ІСТЕУІҢІЗ КЕРЕК?

Ең бірінші кезекте, ақауы бар немесе көңіліңізден шықпаған тауарды сатқан, яғни құқықты бұзған сатушыға сотқа дейінгі өтінішпен барасыз. Егер ол сіздің ауызша немесе жазбаша өтінішіңізді қабылдамаса, сатушының заңсыз әрекеттеріне өкілетті мемлекеттік органдарға шағым түсіре аласыз. Сондай-ақ талап ету өтінішімен сотқа барасыз. Бұл Сіздің құқығыңыз. Ол заң шеңберінде бекітілген.
Ал Заңды білмеу ешқандай сатушыны жауапкершіліктен босатпайды. Олар сатқан тауары, көрсеткен қызметі үшін жауапты. Егер 14 күннің ішінде тауардан ақауы байқалса, олар міндетті түрде жаңасына ауыстырып беруге немесе ақшасын қайтаруға міндетті.

Қаперіңізде болсын, азаматтардың құқықтары осындай қарапайым ғана заңдарды, ережелерді бұзудан басталады.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support