- Advertisement -

Ауыл шаруашылығы техникалары 11 пайызға жаңарады

18

- Advertisement -

Облыста ауыл шаруашылығы әлеуетке ие өңір ретінде экономиканың барлық салалары бойынша жыл сайын тұрақты өсімін көрсетіп келеді. Қазіргі таңда аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң беталыстар бар.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, техникаларды жаңарту бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы 1219 техника (19 комбайн, 310 трактор, 946 дана басқа техникалар) алынып, 10,5 пайызға (жоспар – 10 пайыз) жаңартылса, биыл 1300-ден астам техника алу арқылы жаңару көрсеткішін 11 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Айта кетейік, аймақта қазіргі уақытта барлығы 205 техника, оның ішінде, 3 комбайн, 47 трактор, 155 дана басқа техникалар бар.

Жалпы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау жүзеге асырылып жүр. Яғни инвестициялық субсидиялау шеңберінде техника сатып алған шаруалардың шығындары субсидияланады. Өтеу пайызы 25 пайызды құрайды. Ал еліміздің аумағында өндірілетін отандық техника 5 пайызға артық субсидияланып, ол 30 пайызды құрайды. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы техникаларын алған 44 агроқұрылымға 500 миллион теңге субсидия төленді. Өңірде ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support