- Advertisement -

Жамбылдық шаруа несие алып, соқа жасап шығаруда

16

- Advertisement -

«Тараз» ӘКК» АҚ-дан несие алған Байзақ ауданы Үлгілі ауылының тұрғыны Әмірбек Төлепов соқаның 30 түрін жасап сатып, табыс табуда.

Жамбылдық шаруа несиені «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасы аясында алып отыр. Жалпы бұл жобаға қатысушыларға өз ауласындағы жерді пайдаланып, жылыжай салып, тігін цехын ашып, табыс табуға мүмкіндік берілген. Пайызы төмен жеңілдетілген несие түрінде қаржылай қолдау көрсетіледі.

Үлгілі ауылының соқа жасап, үлгі көрсетіп отырған тұрғыны Әмірбек Төлепов аталған жоба арқылы 2,5 пайызбен 2 миллион 700 мың теңге несие алған. Осылайша кәсібін ұлғайтып отыр. Темірден түйме түйген ұста Әмірбек Өтепұлының комбайн, тракторларды жөндеп қана қоймай, жаңа техника да жасай біледі.

Көкшетау, Қызылорда, Қарағанды облыстарына сатылуда. Зауыттағыдан 60-70 пайыз арзан техникаларды тіпті несиеге сұрайтындардың да қатары көбейіпті.

Сұранысты уақтылы орындау үшін 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Олардың орташа айлық-жалақысы 250 000 мен 300 000 теңге көлемінде.

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support