- Advertisement -

ҮШ ЖЫЛДА АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

40

- Advertisement -

Елімізде 2000 жылдардан бастап халықты ауыз сумен және су бұру қызметімен қамтамасыз ету бойынша мақсатты саясат жүргізіліп келеді. 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы іске асырылуда. Аталған бағдарлама аясында 2025 жылға дейін 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтудың жоспары бекітіліп халықты толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Ол үшін ауылдарды сумен жабдықтау жүйесін дамытуға жыл сайын қомақты қаражат бөлінуде. Биыл қалалар мен ауылдарда сумен жабдықтау және су бұру желілерін дамытуға республикалық бюджеттен бөлінген 13,5 миллиард теңгеге 31 жоба іске асыру жоспарлануда. Осы жылдың қорытындысында орталықтандырылған суға қол жеткізу деңгейі қалаларда 92,3 пайызға, ауылдарда 93,6 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 31 сумен жабдықтау ныс анының құрылысына 13,5 миллиард теңге қаржы қарастырылды. Соның ішінде, 24 жоба жыл соңына аяқталса, 7 жоба құрылысы 2023 жылға өтпелі. Бөлінген қаражат көлемі өткен жылмен салыстырғанда 22,7 пайызға ұлғайған.

Жыл қорытындысымен Тараз қаласындағы Тектұрмас, Жиделі, Көлтоған, Қызылабад, Қарасай, Казарма тұрғын алқапта тұратын 6,4 мың адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтылып, қамту көрсеткіші 92,3 пайызға немесе 425,4 мың адамды құрайды. Сонымен қатар 13 ауылдық елді мекенде тұратын 33,5 мың адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтылып, қамту көрсеткіші 93,6 пайыз немесе 645,7 мың адамды құрайтын болады.

Бүгінгі күнге облыстың 371 елді мекенінде 1 150,1 мың адам тұрады. Оның ішінде төрт қалада 460,3 мың адам, 367 ауылдық елді мекенде 689,8 мың адам бар. Ауылдық елді мекендерде 2021 жылдың қорытындысымен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған 100 ауылдық елді мекен қалып отыр. Онда 77,5 мың адам тұрады. Бұл 27,3 пайызды құрайды. Оның ішінде 73,1 мың адам тұратын 69 ауылдық елді мекенге орталықтандырылған ауыз су жүйесін тарту жоспарланса, қалған 4,3 мыңнан астам тұрғыны бар 31-іне суды тазартудың кешенді блок модульдерін орнату жоспарлануда.

Қалаларда 2021 жылдың қорытындысымен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмай отырған Таразда 28,5, Шуда 12,5, барлығы 41 мың тұрғын бар.

Сонымен қатар қалалар мен ауылдық елді мекендер бойынша ре спублика лық бюджеттің нақтылауына жалпы құны 7,6 миллиард теңгені құрайтын 16 жоба ұсынылды. Оның ішінде 14 жоба ауылдық елді мекендер, екі жоба Шу қаласы бойынша.

Сумен қамту көрсеткіші 94,5 пайыз немесе 435 мың адам, ауылдық елді мекендердегі көрсеткіш 95,1 пайыз немесе 656,3 мың адамды құрайтын болады.

Облыс аумағындағы және Шу қаласында қалаларда бүгінгі күнге 41,3 мың адам немесе 18 тұрғын алқап орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілмеген.

Аталған 18 тұрғын алқаптың 9-ында (Тараз қаласындағы – Тектұрмас, Жиделі, Көлтоған, Қызылабад, Қарасай, Казарма, Шөлдала, Құмшағал және 28 саяжай) құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталды. (Тектұрмас, Жиделі, Көлтоған, Қызылабад, Қарасай, Казарма) жыл соңында аяқтау жоспарланса, қалған 3 тұрғын алқап (Шөлдала, Құмшағал, 28 саяжай) қаржыландыру жоспарына сәйкес 2023 жылға өтпелі.

Сонымен қатар бір тұрғын алқап (Шалғай Қарасу – 1,2,3,4,5,6,7) бойынша жобалау-сметалық құжатын әзірлеу жұмыстары жүргізілсе, қалған 4 тұрғын алқапқа (Родничок, Мичуринец, Қайнар, Ақжол) жобалық-сметалық құжатын әзірлеу бойынша қала әкімдігіне тапсырма берілді.

Шу қаласындағы 4 тұрғын алқаптың (Шу қаласындағы Қант зауыты, Жанкулиев, Жайсан, Горгаз) екеуіне ЖСҚ әзірленіп, сарапатама қорытындысы алынған. Аталған жобалар биыл ре спубликалық бюджеттің нақтылауына ұсынылды.

Қалған екі тұрғын алқап (Жайсан, Горгаз) бойынша ЖСҚ әзірлеу жұмыстарын жүргізуге кезекті нақтылауда қаржы бөлу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, ауылдық елді мекендерде ауыз сумен қамтылмай отырған 77,6 мың адам немесе 100 ауылдық елді мекен бар. Оның ішінде 73,2 мың адам тұратын 69 ауылдық елді мекенге су жүйелерінің құрылысын жүргізу жоспарланса, халық саны 200-ге дейінгі 31 ауылдық елді мекенге (4,3 мың адам) суды тазартудың кешенді блок-модульдерін орнату жоспарлануда.

Орт алықт андырылған ауыз сумен қамтылмаған 69 ауылдық елді мекеннің 16-сында құрылыс жұмыстарын биыл бастап, 13 ауылда жыл соңына дейін аяқтау жоспарланса, қалған үш ауылдық елді мекен келесі жылға өтпелі.

Сонымен қатар 17 ауылдық елді мекенге ауыз су жүйе сін жүргізуге ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындылары алынды. Аталған жобалар биылғы республикалық бюджеттің нақтылауына ұсынылды.

Жалпы бекітілген жоспарға сәйкес 2025 жылға дейін қалалардағы және ауылдық елді мекендердегі халықтың орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізу көрсеткішін – 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Ғалым ИСАҚОВ,
облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы сумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support